Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Оқшау сөздер, түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Тыныс белгісі

Конспект

Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.

 

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

 

Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!

 

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.

 

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.

 

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.

 

Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!

 

Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

 

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.

 

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

 

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.

 

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.

 

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.

 

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

-сөйлем басында келсе, одан кейін;

-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

-сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

 

Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

 

Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздерге байланысты тыныс белгісі – үтір. Мысалы: Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!

 

Логикалық көтеріңкі екпінпен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.



Вопросы
  1. Қыстырма сөзді анықтаңыз.

  2. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

  3. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

  4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

  5. Қаратпа сөздің қызметін анықтаңыз.

  6. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

  7. Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

  8. Қаратпа сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.

  9. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

    Балам, қай көшеге келіп тұрмыз?

  10. Сөйлемдегі қаратпа сөз болатын қатарды белгілеңіз.

  11. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

  12. Қаратпа сөзді анықтаңыз.

  13. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемді анықтаңыз.

  14. Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

  15. Қыстырма сөзді табыңыз.

  16. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

  17. Қыстырма сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

  18. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз. 
  19. Қыстырма сөзден кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз. Біріншіден ол – аса білімді әрі іскер адам.
  20. Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз. 
  21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз. 
  22. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз. ...! Ұтылып қалдым-ау.
  23. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз. 
  24. Қаратпа сөз қолданылған сөйлемді көрсетіңіз. 
  25. Қыстырма сөздердің қатарын табыңыз. 
  26. Одағай сөздерді анықтаңыз. 
  27. Болжау мағынасындағы қыстырма сөздерді белгілеңіз. 
  28. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз. 
  29. Өкінішті білдіретін қыстырма сөзді белгілеңіз. 
  30. Одағайға қатысты тыныс белгі дұрыс қойылған қатарды табыңыз. 
  31. Қыстырма сөзді сөйлемді анықтаңыз. 
  32. Қыстырма сөзді белгілеңіз. 
  33. Жорамал, болжау мәніндегі қыстырма сөзді табыңыз.
  34. Сөйлемдегі қаратпа сөзді көрсетіңіз. «Қарағым-ай, жеті қараңғы түнде жарықсыз не істемексің?»
  35. Қыстырма сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. 
  36. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

  37. Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.

  38. Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөздерді көрсетіңіз.

  39. Қаратпа сөздер қандай сөздер тобына жататынын белгілеңіз.

  40. Қыстырма сөзді сөйлемді анықтаңыз.

  41. Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

  42. Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.

  43. Қыстырма сөзді анықтаңыз.

  44. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

Сообщить об ошибке