
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын:qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады. Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сиқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.
Морфология сөз және оның формаларын тексереді. Сөз формасына сөздің негізгі және туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған сөздер, әр түрлі қосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына беретін, сөз бен сөзді байланыстыратын түрлері енеді.
Морфология сөзді топтарға бөліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әр сөз табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.
Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
- Түркі тілдер тобына жататын тілді көрсетіңіз.
- Тіл дыбыстарын Тіл білімі ғылымының қай саласы зерттейтіндігін табыңыз.
- Тіл білімінің сөз мағынасын зерттейтін саласын белгілеңіз.
- Тіл білімінің сөз тұлғасын зерттейтін саласын көрсетіңіз.
- Тіл білімінің фонетика саласының зерттеу объектісін белгілеңіз.
- Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін қамтитын тіл білімінің саласын белгілеңіз.