
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңының екі түрі бар:
1) буын үндестігі;
2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:
-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;
-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;
-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;
-хана – емхана, дәріхана;
-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;
-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;
-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);
бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;
біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;
тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.
-
Жуан буынды сөздер қатарын анықтаңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Сөз үнді дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Берілген сөзге буын үндестігіне сай жалғанатын қосымшаны табыңыз. Қазақстан...
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз.
Апа...
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді анықтаңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз: Қалам...
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Бірыңғай жіңішке буынды сөзді табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаларды табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы септікті табыңыз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Қатаң дыбысқа аяқталған сөзге жалғанатын қосымшаның қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.
-
Құрамында буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын жалғаулы септікті табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.
-
Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын септік жалғауы жалғанған сөзді белгілеңіз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз.
Бала ... .
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
-
Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.