
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Сөз түрлері: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз таптары: Зат есім, түрлері, зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Сөз табы - лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Сөздерді топтастырудың үш принципі бар: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.
Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.
Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызмет деп аталады.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз
тудыру тәсілі мен түрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.
Атауыш сөздер – лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.
Көмекші сөздер – лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.
Одағай сөздер – адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер?
Мысалы: кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші, т.б.
Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.
Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.
Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.
Туынды зат есімнің жасалуы
Есім сөздерден
|
Етістіктен
|
Еліктеу сөздер
|
Аңшы, жұлдызшы, сынықшы Әңгімеші, егінші, тергеуші Адамшылық, аңшылық Таршылық; молшылық Суретшілік, күйшілік Балалық, кішілік, Достық, әділдік; Талапкер, жүлдегер; Дәмхана, еңбекқор, Өнерпаз, әуесқой, Арбакеш, Қазақстан;
|
Алым, бөлім Сүзбе, кеспе Бұрғы, сүзгі Айтыс, күрес Тарақ, күрек Сүйеніш, қуаныш Боран, түйін Көсеу, бұрау Үйінді, шайынды Сорғыш, көргіш Түйреуіш, сылауыш
|
Тарсыл гүрсіл шуыл дүңкіл уһіл арсыл
|
Күрделі зат есімнің жасалуы
Бірігу арқылы |
Қосарлану арқылы |
Тіркесу арқылы |
Қысқару арқылы
|
Темірқазық Түйетабан Көкшетау Еңбеккүн |
Көрпе-жастық Жігіт-желең Ата-ана Дәрі-дәрмек |
Абай даңғылы Тау сілемі Алма шырыны Қамар сұлу |
Ұжымшар БҰҰ Пединститут Медбике |
Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.
Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады.
Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер? – бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды. Тілекке – кімге? – толықтауыш, әкесінің – кімнің? – анықтауыш, сөзі – несі? – бастауыш. Елдос Астанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан – қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш, ұшақпен – немен? – толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.
Адамгершілік зат есімі сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп келіп те сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.
Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.
Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.
-
"Өшіргіш" зат есімі қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
-
Барыс септігіндегі сөзді белгілеңіз.
-
Барыс септігінің жалғауы жалғанған сөзді белгілеңіз.
-
Барыс септіктегі сөзді табыңыз.
-
Етістіктен жұрнақ арқылы жасалған зат есімді көрсетіңіз.
-
Етістіктен сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған зат есімді белгілеңіз.
-
Етістіктен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған зат есімдер қатарын белгілеңіз.
-
Етістіктен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған зат есімді белгілеңіз.
-
Жалқы зат есімді көрсетіңіз.
-
Жалқы зат есімді көрсетіңіз.
-
Жатыс септігіндегі сөзді белгілеңіз.
-
Жатыс септік жалғауын көрсетіңіз.
-
Жатыс септікті сөзді табыңыз.
-
Жіктік жалғаулы зат есімді табыңыз.
-
Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз.
-
Септік жалғаулы сөзді белгілеңіз.
-
Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
-
Сын есімнен жасалған зат есімді көрсетіңіз.
-
Сөздің қай септікте тұрғанын табыңыз. "Қағазымен"
-
Туынды зат есімді көрсетіңіз.
-
Туынды зат есімді табыңыз.
-
Тәуелденген сөзді табыңыз.
-
Тәуелденіп тұрған сөзді көрсетіңіз.
-
Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
-
Шығыс септігінің жалғауы бар фразеологизмді табыңыз.
-
Шығыс септік тұлғасында тұрған зат есімді табыңыз.
-
«Сыпырғыш» зат есімі қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
-
Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.
-
Етістіктен жасалған туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз.
-
Жалпы зат есімдер қатарын көрсетіңіз.
-
Жалпы зат есімді белгілеңіз.
-
Жалпы зат есімді көрсетіңіз.
-
Жалқы есімді табыңыз.
-
Жалқы зат есім бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жалқы зат есім бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жалқы зат есімдер қатарын анықтаңыз.
-
Жалқы зат есімдер қатарын көрсетіңіз.
-
-шы, -ші жұрнақтары арқылы жасалатын сөз табын табыңыз.
-
Жалқы зат есімді көрсетіңіз.
-
Жалқы зат есімді көрсетіңіз.
-
Жалқы зат есімнен құралған сөздер қатарын табыңыз.
-
Зат есім тудырушы жұрнақтарды табыңыз.
-
Зат есімге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, оның қалай аталатынын белгілеңіз.
-
Зат есімдерді белгілеңіз.
-
Зат есімдерді табыңыз.
-
Зат есімді анықтаңыз.
-
Зат есімнен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
-
Заттық ұғымды білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
-
Кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын белгілеңіз.
-
Мақал-мәтелден негізгі зат есімді табыңыз.
Сулы жер – нулы жер, бұлақты жер – тұрақты жер.
-
Мақал-мәтелден негізгі зат есімді табыңыз.
Сулы жер – нулы жер, бұлақты жер – тұрақты жер.
-
Негізгі зат есімді табыңыз.
-
Негізгі зат есімді табыңыз.
-
Отбасы мүшелерінің атауын табыңыз.
-
Тек қана жалқы зат есімнен тұратын сөз қатарын анықтаңыз.
-
Туынды зат есімді табыңыз.
-
Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
-
Туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз.
-
Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат есімді анықтаңыз.