
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Одағай, түрлері, емлесі
Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.
Одағайға тән негізгі белгілер:
1. Лексикалық мағынасы болмайды;
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;
3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.
Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.
2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.
3.Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.
Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:
1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық! Құрау-құрау, кер бесті!
2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады.Мысалы, Далаға шықсам, ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...
3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді! Көз жасыңды көрсетпе, тәйт!
4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:
Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!
-
Жекіру одағайын табыңыз.
-
Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз. Пай-пай, атың жүйрік-ақ екен!
-
Одағайға тән ерекшелікті көрсетіңіз.
-
Сөйлемдегі одағай сөзді белгілеңіз. "- Әй, жігіттер, сәл сабыр ете тұрыңдар!"
-
Сөйлемдегі одағай сөзді табыңыз. "Тәйт, едірең-едірең еткен қылығыңды, қарқ-қарқ еткен күлкіңді тый енді!"
-
Сөйлемдегі одағай сөздің мағыналық түрін анықтаңыз. "Әттең, кешікпей келгенімде, жүздесіп қалар едім".
-
Сөйлемнен көңіл күй ойдағайын табыңыз. "- Қап, мынау қайтеді-ай, пұшайт-пұшайт, келе ғой, қошақаным!"
-
Шақыру одағайын көрсетіңіз.
-
Шақыру одағайын табыңыз.
-
Өкіну мәнді одағайды көрсетіңіз.
-
Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз.
__________ ! Достар түгел жиналыпты.
-
Жекіру одағайын анықтаңыз.
-
Жекіру одағайын көрсетіңіз.
-
Жекіру одағайын табыңыз.
-
Негізгі одағайды табыңыз.
-
Көңіл-күй одағайын табыңыз.
-
Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді белгілеңіз.
-
Одағай сөзді табыңыз.
-
Одағайдың түрлерін табыңыз.
-
Таңдану одағайды көрсетіңіз.
-
Шақыру одағайы бар сөйлемді табыңыз.
-
Өкіну одағайын белгілеңіз.