Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер

Конспект

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

 

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

 

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.

 

Зат есімнен

болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

Ел

Халық

Жұрт

Көпшілік

Жамағат

Сұлу

Әдемі

Келбетті

Ажарлы

Көрікті

Кездесу

Дидарласу

Ұшырасу

Жолығу

Алыс

Қашық

Шалғай

Қиян

 

Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай, қыздың жиған жүгіндей болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.



Вопросы
  1. "Байырғы" сөзінің синонимін анықтаңыз.

  2. "Жақын" сөзінің синонимін анықтаңыз.

  3. "Жеке" сөзінің синонимін белгілеңіз.

  4. "Жоғары" сөзінің антонимін анықтаңыз.

  5. "Жылдам" сөзінің синонимін анықтаңыз.

  6. "Лас" сөзінің антонимін анықтаңыз.

  7. "Мейрам" сөзінің синонимін белгілеңіз.

  8. "Оқытушы" сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

  9. "Тұнық" сөзінің синонимін табыңыз.

  10. "Қадірлі" сөзінің синонимін табыңыз.

  11. "Қырсық" сөзінің синонимін табыңыз.

  12. "Әдемі" сөзінің синонимдес қатарын белгілеңіз.

  13. ''Мұрат'' сөзінің синонимін табыңыз.

  14. Антоним сөздер қатарын көрсетіңіз.

  15. Антоним сөздерді белгілеңіз.

  16. Антоним сөзді мақалды табыңыз.

  17. Антонимдер қатарын табыңыз.

  18. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

  19. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

  20. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Бұл кісі – біздің ... ағайынымыз.

  21. Омоним болатын сөзді белгілеңіз.

  22. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  23. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  24. Омоним болатын сөзі анықтаңыз.

  25. Омоним сөзді көрсетіңіз.

  26. Синоним сөздерді анықтаңыз.

  27. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

  28. Синонимдерді табыңыз.

  29. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  30. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  31. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

  32. Синоном сөздерді табыңыз.

  33. Өзара антоним сөздерді көрсетіңіз.

  34. Cинонимдік қатарды табыңыз.

  35. «Биік, алыс» сөздерінің антонимін табыңыз.

  36. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

  37. «Ел, күшті» сөздерінің синонимдік қатарын табыңыз.

  38. «Жер жүзі» сөзінің синонимін белгілеңіз.

  39. «Мереке» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

  40. «Мереке» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

  41. «Оқушы» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

  42. «Оқушы» сөзінің синонимі

  43. «Пайда» сөзінің антонимін табыңыз.

  44. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

  45. «Төмен» сөзінің антонимін анықтаңыз.

  46. «Қалың дәптер» сөз тіркесінің антонимін табыңыз.

  47. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.

  48. «Ұзын – қысқа» қандай сөздер екенін белгілеңіз.

  49. Антоним сөздерді белгілеңіз.

  50. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  51. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  52. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  53. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  54. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

  55. Антоним сөздерді табыңыз.

  56. Антоним сөздерді табыңыз.

  57. Антоним сөздерді табыңыз.

  58. Антоним сөздердің жұбын көрсетіңіз.

  59. Антонимдер қатарын анықтаңыз.

  60. Антонимдерді табыңыз.

  61. Антонимдерді табыңыз.

  62. Антонимдерді табыңыз.

  63. Антонимдерді табыңыз.

  64. Антонимдерді табыңыз.

  65. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

  66. Антонимді сөз тіркестерін анықтаңыз.

  67. Антонимді табыңыз.

  68. Антонимді табыңыз.

  69. Антонимдік жұпты табыңыз.

  70. Антонимдік қатарды анықтаңыз.

  71. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

  72. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

  73. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

  74. Мағыналары бір-біріне жақын сөздердің атауын табыңыз.

  75. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

  76. Мағынасы жақын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  77. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

  78. Синоним болатын қатарды анықтаңыз.

  79. Синоним сөздер

  80. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

  81. Синоним сөздерді табыңыз.

  82. Синоним сөздерді табыңыз.

  83. Синоним сөздерді табыңыз.

  84. Синоним сөздерді табыңыз.

  85. Синонимдерді анықтаңыз.

  86. Синонимдерді табыңыз.

  87. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

  88. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

  89. Синонимдік қатарды табыңыз.

  90. Синонимдік қатарды табыңыз.

  91. Синонимдік қатарды табыңыз.

  92. Синонимнің анықтамасын табыңыз.

  93. Синонимді табыңыз.

  94. «Қоян жүрек» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

Сообщить об ошибке