Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Лексика. Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер

Конспект

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:

ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

ЕРКІН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейді.

Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады.

2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады.

Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздермен тікелей байланысты болады.

3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады.

Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысының жеке-жеке синтаксистік қызметі болады.

 

Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:

Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).

Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)

Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, ешнәрсе істемеді)

Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:

Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті; әсем, т.б.

Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;

Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің орнын немесе сөздерді басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

 

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.

 

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбіне жай сөйлем болып құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.

 

МАҚАЛ

МӘТЕЛ

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Саяз су сарқырап ағады.

 

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Жеңілтектік жарға жығар.

Ұсталы ел озар,

Ұстасыз ел тозар.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Тәуекел кемесі суға батпайды.

Ұлдың ұяты – әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге.

Сиырдың сүті тілінде.



Вопросы
  1. "Анық, айқын" мәнінде айтылатын тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

  2. "Бетінен оты шықты" тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.

  3. "Жеккөрінішті болды" деген мәнде қолданылатын тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.

  4. "Жүрек жұтқан" тұрақты сөз тіркесінің мағынасын анықтаңыз.

  5. "Кішіпейіл, ілтипатты, инабатты" деген ұғымды білдіретін тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

  6. "Көз байланған шақ" тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.

  7. "Көзді болды" тұрақты тіркесінің мәнін ашып көрсетіңіз.

  8. "Көмектесті, жәрдем берді" деген мағынаны білдіретін тұрақты тіркесті белгілеңіз.

  9. "Тыюсыз, бетімен кетті" деген мәнде қолданылатын тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

  10. "Қарны ашты" мәнінде қолданылатын тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

  11. "Қашық, алыс" деген мәнде жұмсалатын тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

  12. "Қой аузынан шөп алмас" тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.

  13. "Қол байлау болды" тұрақты тіркесінің мәнін анықтаңыз.

  14. "Қоян жүрек" фразеологизмінің синонимін табыңыз.

  15. Денсаулық тақырыбындағы мақалды көрсетіңіз.

  16. Мақалды анықтаңыз.

  17. Мақалды ары қарай жалғастырыңыз. «Білімі жоқ ұл - ...»

  18. Мақалды жалғастырыңыз. «Білекті бірді, ... мыңды жығады»

  19. Мақалды табыңыз.

  20. Мақалды табыңыз.

  21. Мақалды толықтырыңыз. "... наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті"

  22. Мақалды толықтырыңыз. "Өнерлінің ... талмас"

  23. Мақалды толықтырыңыз. .. - кеме, білім - теңіз.

  24. Мақалды толықтырыңыз. Таяқ – еттен, сөз ... өтеді.

  25. Мақалды толықтырыңыз: "Жеті жұрттың ... біл"

  26. Мақалдың жалғасын көрсетіңіз. "Қыстың қамын..."

  27. Мақалдың жалғасын табыңыз. "Оқусыз білім жоқ, ..."

  28. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

  29. Мәтелді табыңыз.

  30. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.

  31. Мақал-мәтелді анықтаңыз.

  32. Достық туралы мақалды табыңыз.

  33. Мақал-мәтелдің сәйкес баламасын көрсетіңіз.

    Жолдасы көптің олжасы көп.

  34. Мақал-мәтелдің тақырыбын анықтаңыз.

    Заттың жаңасы жақсы,

    Достың ескісі жақсы.

  35. Мақалды аяқтаңыз. 

    «Өнерлі жігіт өрге озар, ____________ ».

  36. Мақалды аяқтаңыз.

    Мектеп – кеме, Білім – _______ .

  37. Мақалды толықтырыңыз.

    Тілге құрмет  _______ құрмет.

  38. Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз ... – ормансыз бұлбұл».

  39. Мақалдың жалғасын табыңыз.

    Жеті жұрттың тілін біл,

    Жеті түрлі _________ .

  40. Мақалдың жалғасын табыңыз.

    Күздің бір күні ______________ .

  41. Мақалдың жалғасын табыңыз.

    Күш білімде, білім  _________ .

  42. Мақалдың жалғасын табыңыз.

    Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей __________ .

  43. Мақалдың жалғасын табыңыз.

    Тәрбие басы  ____________ .

  44. Мақалдың мағынасын толықтыратын сөзді табыңыз.

    Отансыз адам, ормансыз _________ .

  45. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

    Білімді өлмес, қағазда аты қалар,

    Ұста өлмес, істеген заты қалар

  46. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.

    Ел іші алтын бесік.

  47. Mақалдың қазақша баламасын көрсетіңіз. «Над бедой друга не смейся, то же может случиться с тобой».

Сообщить об ошибке