Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

6-мәтін

Конспект

 

Қазақ ғалымы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, кейін Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алады.

Бірнеше жыл Қазақстан Ғылым академиясының президенті болады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналды. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның метоллогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңіреді. Жезқазғанды ірі мыс ауданы қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. 1927-1928 жылдары Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды таскөмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялады. 1929 жылы Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтеріп, Жезқазған-Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасады. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылды.

Жезқазған кен металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералды шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған-Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.

Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, қырықтан астам мектеп және ғалымның көптеген ескерткіштері бар. Оның есімі Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтына, бір қала мен ғаламшарға, еліміздің ең ірі техникалық оқу орны болып саналатын Қазақ Ұлттық техникалық университетіне берілді. Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі аталған.

(262 сөз)

(Мәтін интернет желісінен алынды)



Вопросы
  1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған жері

  2. Қаныш Сәтбаев қай жерде білім алды?

  3. Қай жылы Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерілді?

  4. Сәтбаев есімімен аталады

  5. Қаныш Сәтбаев

Сообщить об ошибке