Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Конспект

Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.

 

Үндестік заңының екі түрі бар:

1) буын үндестігі;

2) дыбыс үндестігі.

 

Буын үндестігітүбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.

 

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;

-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;

-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;

-хана – емхана, дәріхана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;

-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);

бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.

 

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;

 

біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;

 

тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.



Вопросы
  1. Жуан буынды сөздер қатарын анықтаңыз.

  2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.

  3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

  4. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  5. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  6. Сөз үнді дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

  7. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшалы сөзді көрсетіңіз.

  8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.

  9. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

  10. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  11. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  12. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  13. Берілген сөзге буын үндестігіне сай жалғанатын қосымшаны табыңыз. Қазақстан...

  14. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз.

    Апа...

  15. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз.

  16. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді анықтаңыз.

  17. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз: Қалам...

  18. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

  19. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  20. Бірыңғай жіңішке буынды сөзді табыңыз.

  21. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.

  22. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  23. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаларды табыңыз.

  24. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы септікті табыңыз.

  25. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  26. Қатаң дыбысқа аяқталған сөзге жалғанатын қосымшаның қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

  27. Құрамында буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.

  28. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.

  29. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.

  30. Буын үндестігіне бағынбайтын жалғаулы септікті табыңыз.

  31. Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.

  32. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

  33. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  34. Буын үндестігіне бағынбайтын септік жалғауы жалғанған сөзді белгілеңіз.

  35. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  36. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  37. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз.

    Бала ... .

  38. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

  39. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  40. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

  41. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

Сообщить об ошибке