Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Дыбыс үндестігі, түрлері. Орфография. Орфоэпия

Конспект

Түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында орындалады. Дыбыс үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.

 

Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді:

1) ілгерінді ықпал;

2) кейінді ықпал;

3) тоғыспалы ықпал.

 

Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді ықпал заңдылықтары:

 

1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, көппен, шашқа, т.б.

2. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша да ұяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сөзбен, т.б.

3. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, жалғанатын қосымша не ұяңнан, не үндіден басталады. Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б.

4. Сөздің соңғы дыбысы ш болып, қосымша с дыбысынан басталса, түбірдегі с дыбысы ш болып айтылады. Мысалы, көшсін – көшшін, ұшса – ұшша, т.б.

5. Сөздің соңы дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға бітсе, екінші сөздің басындағы қатаң к, қ дыбыстары ұяң г, ғ болып айтылады: Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой, Байкөкше – Байгөкше, бозкөде – бозгөде, Тұрарқожа – Тұрарғожа, жай қалмау – жай ғалмау, Байқоңыр – Байғоңыр, т.б.

6. Сөздің алғашқы сыңарындағы қатаң дауыссыздардың ықпалынан екінші сыңардағы ұяң дауыссыздар айтуда қатаң болып айтылады: Тұратбек – Тұратпек, Жолдасбай – Жолдаспай, Сәтбай – Сәтпай, т. б.

 

Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал заңдылықтары:

1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т. б.

2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т. б.

3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т. б.

4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т. б.

5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т. б.

6. Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж-жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т. б.

7. Кейбір сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс айтуда түсіп қалады. Мысалы, Сарыөзек – Сарөзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі, шеткі үй – шеткүй, т.б.

 

Орфографиядұрыс жазамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпиядұрыс айтамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сөздерді дұрыс айту туралы ережелер жиынтығы.

 

ОРФОГРАФИЯ

ОРФОЭПИЯ

Тұратбек

Ала қарға

Шашса

Келе қал

Ақбала

Итбалық

Көзсіз

Боз жусан

Тоқ адам

Сары ала

Қара ешкі

Тұрарқожа

Көк ала

Тұратпек

Ала ғарға

Шашша

Келеғал

Ақпала

Итпалық

Көссіз

Божжусан

Тоғ адам

Сарала

Қарешкі

Тұрарғожа

Көгала

 



Вопросы
  1. Сөз дауысты дыбысқа аяқталса, жалғау қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

  2. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

  3. Кейінді ықпалды табыңыз.

  4. Соңғы дыбысы кейінді ықпалға түскен түбір сөзді табыңыз.

  5. Ілгерінді ықпал бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз.

  6. Ілгерінді ықпал бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз.

  7. Ілгерінді ықпал бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз

  8. Ілгерінді ықпал орындалатын сөзді көрсетіңіз.

  9. Ілгерінді ықпал қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.

  10. Ілгерінді ықпал қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

Сообщить об ошибке