Импульс

Физика

Тақырыптың тесті
Конспект

Қозғалыстағы денені оның массасы мен жылдамдығына байланысты болатын бір шамамен сипаттау керек. Мұндай физикалық шама дене импульсі (грекше impulsus-соққы дегенді білдіреді) немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.

Денеге белгілі

уақыт аралығындағы

күш әсерінің өлшемі

болып келетін

векторлық физи-

калық шама

Механикалық

қозғалыстың

өлшемі (қозғалыс

мөлшері) болып

келетін векторлық

физикалық шама

Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты Ньютоның екінші заңы арқылы өрнектейміз.

Табиғатта барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Көп жағдайларда екі немесе одан да көп денелердің қозғалысы қарастырылады. Сондықтан физикада денелердің тұйық жүйесі деп аталатын ұғым енгізіледі. Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады. Негізгі сақталу заңдарының бірі импульстің сақталу заңын қарастырамыз.

Тұйық жүиеде өзара әрекеттесетін

денелер импульстарының векторлық

қосындысы өзгермейді (сақталады).

Бұл импульстің сақталу заңы деп аталады.

жүйедегі дене массалары, әсерлескенге дейінгі денелер жылдамдығы, әсерлескеннен дейінгі денелердің жылдамды

Импульстің сақталу заңы техникада реактивті қозғалысты пайдалануда қолданылады. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалына үрленген ауа шарының қозғалысы жатады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқы атмосфералық қысымнан едәуір артық, ал бос қоя берілген шардың ішіңдегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады.

Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады. Қазіргі заманғы Жердің жасанды серіктерінің, планетааралық саяхат жасайтын зымырандардың қозғалысы реактивті қозғалысқа негізделген.

Конспект сұрақтар
  1. Массасы m  оқ υ  жылдамдықпен горизонталь қозғалып тегіс бетте жатқан массасы М  денеге барып тиеді. Оқ оның ішінде қалып қойса, дененің қозғалыс жылдамдығы
  2. Массасы  10 кг дененің импульсі 40  болса, оның жылдамдығы
  3. Массалары 400 г  және    600г екі дене бір-біріне  қарама-қарсы қозғалып келе жатып, соқтығысып тоқтады. Егер бірінші дене   3 м/с  жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы
  4. Автоматтан  атылған оқтың массасы m,  жылдамдығы  υ. Егер  автоматтың  массасы оқтың  массасынан 500 есе артық болса, онда оның жылдамдығының модулі
  5. Массалары   бірдей m-ге тең  екі автомобиль Жерге қатысты бірдей бағытта υ және 3υ жылдамдықтармен қозғалады. Бірінші автомобильмен байланысқан  санақ жүйесіндегі екінші автомобильдің импульсі
  6. Массасы М=1,5·107 кг   паром  жағамен   салыстырғанда υ0=10 м/с  жылдамдықпен жүзіп келе жатыр. Паром үстіндегі массасы  m="1000"кг  автомобиль пароммен салыстырғанда υ=10 м/с    жылдамдықпен қозғалуда. Пароммен салыстырғандағы автомобильдің импульсі
  7. 8м/с   жылдамдықпен     қозғалып келе жатқан массасы 50 кг хоккейші массасы  0,5 кг  шайбаны хоккей таяғымен өз қозғалысының бағытына қарай ұрады. Соққыдан кейін шайба 100 м/с жылдамдықпен қозғалады. Хоккейшінің шайбаны соққаннан кейінгі жылдамдығы
  8. Массасы 0,2 кг  дене  1 м биіктіктен   8 м/с2  үдеумен түседі. Дене импульсінің өзгерісі
  9. Координаталар остеріндегі дене импульстарының проекциясы X:  P1x =  2 кг·м/с ,    P2x= 2,5 кг·м/с,    P2x = -0,5 кг·м/с;     Y:  P1y =-1,5 кг·м/с,    P2y=  3 кг·м/с ,    P2y = -2,5 кг·м/с;
  10. Массасы  m  шар   υ   жылдамдықпен   қабырғаға α  бұрышпен серпімді соғылды. Соғылу кезінде қабырғаға берілетін импульс
Тақырыптың тесті