Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Денелердің тепе-теңдігі

Конспект

Денелердің тепе-теңдігі дегеніміз дененің таңдап алған санақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалмайтын күйі.

Тепе-теңдіктің шарттары

І шарты: Денеге күш әсер етпеу керек немесе олардың әсері теңгерілуі керек \(\boxed{\sum\vec{F}=\vec{R}=0}\) дене ілгермелі қозғалмалы

ІІ шарты: Денеге әсер етуші күштердің моменттерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең болу керек  \(\boxed{\sum\vec{M}=0}\) дене айналмалы



Сұрақтар
  1. Жұмысшы иінтіректі пайдаланып массасы 240 кг плитаны көтереді. Егер иінтіректің қысқа иіні 0,6 м-ге тең болса, онда жұмысшының 2,4 м-ге тең ұзын иінге түсіретін күші ( g = 10 Н/кг\()\)

  2. Екі блок арқылы тасталған жіптің  екі ұшына массалары бірдей \(m\)\(_1\)\(=m\)\(_2\)\(=m=5\) кг екі жүк ілінеді. Тепе-теңдік жағдайында бұрыш \(α=\ 1200\) болу үшін  блоктардың арасына жіпке  ілінген жүктің массасы \(m\)\(^3\) ( g = 10 Н/кг\()\)

  3. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автокөлік дөңес көпірдің жоғарғы нүктесіне келгенде жолдың горизонталь бөлігіне қарағанда 2 есе кем қысым түсіреді. Көпірдің қисықтық радиусы ( g = 10 Н/кг\()\)

  4. Иінтіректің екі ұшына 40 Н  және  240 Н күш әсер етеді. Тіреу нүктесінен кіші күштің түсу нүктесіне дейінгі арақашықтық 6 см. Егер иінтірек тепе-теңдікте тұрса, онда оның ұзындығы 

  5. Иінтіректің иіндері  \(I_1=60\) см, \(I_2=240\) см. Осы иінтіректің көмегімен массасы  \(m=\ 240\) кг тасты көтеру үшің үлкен иінге түсірілген күш ( g = 10 Н/кг\()\)

Қате туралы хабарландыру