Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Жай сөйлемнің түрлері: жақты, жақсыз; жалаң, жайылма; толымды, толымсыз, атаулы

Конспект

Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.

 

Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.

 

Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.

 

Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.

 

2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауыш болады.

 

Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

 

Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы: Баланың білген үстіне біле түскісі келді.

2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін.

4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оның мінезін түсініп болмайды.

5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

 

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.

 

Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатыр. Жағасы – бал-құрақ. Аты жүйрік екен.

 

Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

 

Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.

 

Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

 

Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

 

– Атыңды сатамысың? – Сатамын.

 

Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.



Вопросы
  1. Барлық сөйлем мүшелері қатысатын жай сөйлем түрін табыңыз.

  2. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

  3. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

  4. Толымды сөйлемді табыңыз.

  5. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.

  6. Атаулы сөйлемді табыңыз.

  7. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

  8. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

  9. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

  10. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

  11. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.

  12. Хабарлы сөйлемді анықтаңыз.

  13. Бұйрықты сөйлемді анықтаңыз.

  14. Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

    Бұл жерде суға түсуге болмайды.

  15. Сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлемнің түрін анықтаңыз.

  16. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.

  17. Атаулы сөйлемді анықтаңыз. 
  18. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз. 
  19. Жай сөйлем түрін анықтаңыз. 
  20. Жайылма сөйлемді табыңыз. 
  21. Жалаң сөйлемді белгілеңіз. 
  22. Жақты сөйлемді көрсетіңіз. 
  23. Жай сөйлемді анықтаңыз. 
  24. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз. 
  25. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз. 
  26. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
  27. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз. 
  28. Жақсыз сөйлемді табыңыз. 
  29. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз. «Сиырды ол жерге байлауға болмайды» 
  30. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз. 
  31. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз. «Келмейді деуге болмайды»
  32. Жақсыз  сөйлемді белгілеңіз. 
  33. Құрылысына қарай жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтаңыз. «Бәйгені озған алады».
  34. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

  35. Атаулы сөйлемді белгілеңіз.

  36. Жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтаңыз.

    Ол күліп тұр.

  37. Жайылма сөйлемді табыңыз.

  38. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.

  39. Жақты сөйлемді белгілеңіз.

Сообщить об ошибке