iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жұмыс. Энергия. Қуат
Жұмыс - күш әсерінің кеңістіктік сипаты болып келетін скаляр физикалық шама.
Механикалық жұмыс тұрақты күш модулінің орын ауыстыру модуліне және олардың арасындағы бұрыштың косинусының көбейтіндісіне тең
\(\boxed{F=const!}\)
\(A=FS\ cos\ \alpha\)
мұндағы \(A\)- жұмыс, \(F\)-күш, \(S\)-орын ауыстыру
Дене \(1\ Н\) күш әсерінен \(1 \) м-ге орын ауыстырғанда \(1\) Дж жұмыс атқарылады Механикалық жұмыс оң да, теріс те болуы мүмкін:
\(\alpha=0^o\) | \(_{max}^{ \ \ A}>0 \) | \(A=FS_{cos}0^o,\ _{cos}0^o=\\=+1\\ A=FS\) | |
---|---|---|---|
\(0^o<\alpha<90^o\) | \(A>0\) | \(A=FS_{cos\alpha}\) | |
\(\alpha=90^o\) | \(A=0\) | \(A=FS_{cos}9-^o,_{cos}90^o=\\=0\\ A=0\) | |
\(90^o<\alpha<180^o\) | \(A<0\) | \(A=FS_{cos\alpha}\\ _{cos\alpha}<0\) | |
\(\alpha=180^o\) | \(_{max}^{\ \ A}<0\) | \(A=FS_{cos}180^o,_{cos}180^o=\\=-1\\ A=-FS\) |
Бірлік уақыт ішінде атқарылатын жұмысты сипаттайтын скаляр физикалық шама (жұмыстың істелу жылдамдығы) қуат деп аталады
\(N=\frac At\) мұндағы\(N\)-қуат, \(A\)- жұмыс, \(t\)- оның орындалу уақыты.
Қуаттың бірлігі ватт: \(1Bm=\frac{1Дж}{1c}.\) Ол XVIII ғасырдың соңында алғашқы бу машинасын ойлап тапқан ағылшын инженері - өнертапқыш Джеймс Уаттың құрметіне аталған. Тұрмыста қуаттың \(1\) ат күші = 736 Вт өлшем бірлігі жиі қолданылады.
\(F\) күш тұрақты болған жағдайда қуат бірқалыпты қозғалған дененің жылдамдығына байланысты болады.
\(N=\frac At=\frac{F{cos\alpha\cdot v\cdot t}}t=Fv\ cos\ \alpha\) | \(A=F\cdot v\cdot t\cdot cos\alpha\) |
\(\left. \begin{matrix} N=Fv_{орт}cos\alpha\\ N=Fv_{лез}cos\alpha \end{matrix} \right\}егер\ \vec{F}=const\) |
Механикада дененің механикалық күйін сипаттайтын шамалар дененің координаталары және жылдамдығы болады. Бұл шамалар үздіксіз өзгеріп отырады. Механикалық энергия дененің механикалық күйін сипаттайды. Дене жұмыс атқарғанда энергиясы өзгереді.
Энергия - дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайтын физикалық скаляр шама \(E\ [Дж]\)
Жұмыс энергия өзгерісіне тең \(\mid A\mid=\mid\bigtriangleup E\mid\) |
\(A=E_2-E_1=\bigtriangleup E-\) (кинетикалық энергия) |
\(A=E_1-E_2=-\bigtriangleup E-\) (потенциалды энергия) |
-
Бастапқы 8 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг денені тоқтату үшін орындалатын жұмыс
-
Массасы 1000 т, жылдамдығы 108 км/сағ пойызды тоқтату үшін үйкеліс күшінің атқаратын жұмысы
-
Қуат тұрақты болған жағдайда жылдамдық артса
-
Қуаты 70 кВт, қозғалтқышының тарту күші 7 кН өрге көтеріліп келе жатқан автобустың жылдамдығы
-
Су электростанциясындағы бөгеттің биіктігі 12 м, су ағынының қуаты 3 МВт. Бөгеттен 1 минутта құлайтын су көлемі (\(\rho_{су}\) = 1000 кг/м³; g = 10 м/с²)
-
Ұшу жылдамдығы 720 км/сағ-қа жеткенде ұшақтың тарту күші 220 кН-ға тең болады. Осындай ұшу режиміне сәйкес келетін ұшақ қозғалтқыштарының қуаты
-
Су станциясындағы генератордың орташа қуаты 2,5 МВт. Оның бір сағат ішіндегі атқарған жұмысы
-
Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м³ тасты бір қалыпты судың бетіне дейін көтергенде атқарылатын жұмыс \((\rho_{тас}=2500\) кг/м\(^3\) , \(\rho_{cу}\)\(=1000\) кг/м\(^3\) , \(g=10\) м/с\(^2)\)
-
ПӘК-і 60% көлбеу жазықтықпен 300 Дж пайдалы жұмыс жасап жүкті көтергенде атқарылған толық жұмыс
-
Толық 5 кДж жұмыс жасаған ПӘК қондырғысының 75%-дық пайдалы жұмысы
-
Массасы 400 кг дене тұрақты күштің әсерінен 10 с ішінде 20 м биіктікке көтеріледі. Бұл дененің қуаты қалай өзгереді? (g = 9,8 м/с²)