Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Экологиялық білім мен тәрбие беру ұстанымдары. Экологиялық зерттеулер

Конспект

Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» атты бағдарламаны қабылдаудан басталды. Онда алғаш халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипат алды. 1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция өткізіліп, онда қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

 

1972 жылы Стогольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тблиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері Найроби (1982ж.) Мәскеу (1987ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапты.

 

Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандар даярлауда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің орны ерекше. Соңғы жылдары Республикамыздың ғылыми - зерттеу институттары табиғат биоресурстары бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта егеменді еліміздің жоғары парламенті мен үкіметі «Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» заң (1997ж.),

 

« Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспары» (1996ж.), «Экологиялық білім беру бағдарламасы» (1999ж.), «Үздіксіз экологиялық білім қалыптастыру тұжырымдамасы» (2002ж.), т.б. маңызы зор құжаттар қабылданды.

 

Қазіргі кезде экологиялық зерттеулерде «мониторинг» термині жиі қолданылуда.

 

Мониторинг дегеніміз – табиғи ортаның барлық өзгерістеріне, жағдайына бақылау жасап, баға беру және болжау. Мониторингтік бақылау - баға беру, болжау және басқару жүйесінен тұрады. Мониторингтің мақсаты - табиғаттағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру және табиғат апаттарына жол бермеу.

 

Белгілі орыс ғалымы, эколог И.П.Герасимов 1975 жылы мониторингтің үш сатылы жүйесін ұсынды: биоэкологиялық (санитарлық-гигиеналық), геожүйелік (табиғи шаруашылық) және биосфералық (ғаламдық). Осы жүйелер бойынша табиғаттағы барлық өзгерістерге бақылау жасалады.



Сұрақтар
  1. «Адам және биосфера» атты бағдарлама қабылданған жыл:
  2. Стогольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы өткен жыл:
  3. «Үздіксіз экологиялық білім қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданған жыл:
  4. «Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» заң қабылданған жыл:
  5. Табиғи  ортаның барлық өзгерістеріне, жағдайына бақылау жасап, баға беру және болжау ... деп аталады:
  6. Экологиялық мониторингтің  үш сатылы жүйесін ұсынған ғалымды ата:
  7. Адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің және дағдысының жиынтығы:

  8. Мониторингтің негізгі типтері:

  9. Қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері туралы Еуропалық конференция қай жылы, қай қалада өткізілді?

  10. Экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында ғылыми конференция өткен қалалар:

Қате туралы хабарландыру