Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Экология ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемалары. Экология ғылымының зерттеу әдістері

Конспект

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты. Экология (грекше oicos – мекен, үй және logos - ғылым) сөзбе-сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология ғылымының қалыптасуы тарихи дәуірлердегі қоғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезеңде - экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалым Аристотельдің(б.з.д. 384-322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

Аристотель

Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.)

 

Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Голланд ғалымы Антони ван Левенгук

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің(1632-1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті.

Карл Линней

 

Жан Батист Ламарк

Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

Чарлз Дарвин

 

Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882 жж.) болды. Оның"тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

В.И.Вернадский

 

Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864-1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

Эрнест Геккель

 

Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

В.В.Докучаев

 

В.В.Докучаев (1846-1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

Карл Францевич Рулье

 

К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

Үшінші кезең - XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.

Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді. Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Белгілі орыс ғалымы, зоолог Д.Н.Кошкаров өзінің «Орта және бірлестіктер» деген еңбегінде: «Организмдерді экологиялық тұрғыда тіршілік ортасымен байланыстыра зерттеу - экологиялық зерттеудің негізгі сипаты», -деген баға берді.



Сұрақтар
  1. Дербес ғылым ретінде экология ғылымының шамамен қалыптасқан жылы:
  2. 1869 жылы «Экология» терминін ұсынған неміс биологы:
  3. Ортаның  адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін зерттейтін экология саласы:
  4. Жергілікті  популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасқан экология бағыты:
  5. «Организмдерді экологиялық тұрғыда тіршілік ортасымен  байланыстыра зерттеу - экологиялық зерттеудің негізгі сипаты», - деген баға берген ғалымды ата:
  6. Популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді:

  7. Қай ғалымның зерттеулері экология ғылымының теориялық негіздерін қалады?

  8. В.И.Вернадский биосферадан кейін, қандай тұжырымдаманы ұсынды?

  9. Экология ғылымының жаңа бағыттарын анықтауға арналған Бірінші халықаралық конференция қай жылы, қай жерде болды?

  10. Жеке организмдердің тіршілігін табиғи ортамен байланыстырып зерттейтін экология саласы?

  11. 1-классқа жататын өте қауіпті ластағыш (-тар)

Қате туралы хабарландыру