Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Мақал - мәтелдер /Proverbs

Конспект

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi – мақал-мәтелдер.

Мақал мен мәтел – халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөзі, ой түйіні. Мақал - мәтелдер бірнеше ғасырлар бойында жиналып, құрамындағы сөздердің орны әбден қалыптасып тұрақтанған.

Кез келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм.

Ағылшын тiліндегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуге елеулi көмек көрсетедi.

Better be born lucky than rich – Таудай талап бергенше бармақтай бақ бер.

Blind men can judge no colours – Соқыр тауыққа бәрі бидай.

Many men many minds – Қанша адам болса, сонша пікір бар.

First think, then speak – Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі.

There is reason in all things – Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.



Сұрақтар
  1. Төмендегі мақал - мәтелдің баламасын табыңыз. Knowledge is power.

  2. Төмендегі мақалдың ағылшынша баламасын табыңыз. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.

  3. Мақалды толықтырыңыз.  Lost … is never found again.

  4. Мақалды толықтырыңыз. Live and ....

  5. Төмендегі мақалдың қазақша баламасын табыңыз. Good health is above wealth.

  6. Мақалды толықтырыңыз.  A good … makes a good ending.

  7. Төмендегі мақалдың ағылшынша баламасын табыңыз. Досыңды қиналғанда бір сына, қуанғанда бір сына.

  8. Төмендегі мақалдың ағылшынша баламасын табыңыз. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

  9. Төмендегі мақалдың қазақша баламасын табыңыз. Better an open enemy than a false friend.

  10. Мақалдың баламасын табыңыз.  Таяқтың екі ұшы бар.

  11. Choose the proverb where warning you.

Қате туралы хабарландыру