Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы

Конспект

Жалпы сипаттамасы. Құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік жағдайы, көбеюі және сан алуандығы. Құртқашаш тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын көпжылдық шөптекті, кейде шала бұталы өсімдіктер (80-сурет). Құртқашаш тұқымдастар дың ғаламшарымызда 1 800-ден астам түрі бар деп есептеледі. Олардың Қазақстанда 35 түрі өседі. Құртқашаштар тропикте және субтропик те таралған, көпшілігі сәндік өсімдіктер (құртқашаш, баршынгүл, запран, т.б.). Олардың тамырсабағы, түйнектері, түйнекті пиязшықтары және пиязшықтары болады.

 

Жапырақтары қылыш тәрізді немесе таспа жапырақты болып келеді. Гүлдері – ірі, қосжынысты, дұрыс кейде бұрыс гүлді. Құртқашаштардың гүлсерігі күлте тәрізді болады. Гүлінің жеке өсуі де, гүлшоғырлы болуы да мүмкін. Гүлсерігі 6 жапырақшадан құралған, күлте тәрізденіп, айқын көрінеді. Аталығы – 3. Бір аналығы болады, аузы үштелімді. Көпшілігінің үш ұялы жатыны төмен орналасады. Жемісі – үш ұялы қауашақ. Құртқашаш тұқымдастар гүлінің формуласы: *Гс6А3Ж 1 (Гс – гүлсерік).

 

Дәрілік, тағамдық, басқа да мақсаттарға қолданылатын құртқашаш тұқымдастар бар. Халық құртқашашты кейде «жыланқияқ» деп те атайды. Құртқашаш – Қазақстанда кездесетін көпжылдық шөптекті өсімдік. Оның ғылыми атауы – германдық құртқашаш. Сабағының биіктігі – 1 м.

 

Германдық құртқашаштың топырақта шырынды, ақ түсті тамырсабағы болады. Тамырсабақтан таспа тәрізді жапырақтары, тармақталған гүлсидамы өсіп шығады. Гүлсидамда иіссіз, күлгін көк, сары түсті гүлі жеке өседі. Гүлсерігі 6 күлтеден құралып, дұрыс орналасқан. Олардың үшеуі төмен салбырап, үшеуі тік тұрады. Аталығы – 3. Аналығы – 1. Аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдің формуласы: *Гс6А3Ж 1. Жемісі – үш ұялы үлкен қауашақ. Құртқашашты көктемде немесе жазда тамырсабағынан көбейтіп өсіруге болады. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Қазақстанда құртқашаштардың 21 түрі бар.

 

Лалагүл тұқымдастар – даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер. Тамыры – тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі – қосжыныс-ты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберде орналасады. Аталығы – 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы – 1. Жемісі – қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж (3) (қазжуаның формуласы).

 

Биберштейн қызғалдағы Кауфман қызғалдағы

Лалагүл тұқымдастар.

 

Лапыз – көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік және улы өсімдік. Оның тіршілігі ерекше назар аударады. Күздік лапыз мысалында тіршілігі мен құрылысын қарас-тырайық.

 

Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қара-қошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады. Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетеді. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыр-таспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамында жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызан) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.

Ақ лапыз.



Сұрақтар
  1. Тропикте және субтропик те таралған, көпшілігі сәндік өсімдіктер:
  2. Халық «жыланқияқ» деп атайтын өсімдік:
  3. Құртқашаш тұқымдастар гүлінің формуласы:
  4. Тамырсабағы медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады:
  5. Лалагүл тұқымдас өсімдіктер:
  6. Лалагүлділер тұқымдасының қазжуан гүлінің формуласы:

  7. Қан аурулары подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрілік өсімдік:

  8. Лалагүл тұқымдасының сәндік өсімдіктері:

  9. Құртқашаш тұқымдасының сәндік өсімдігін анықтаңыз:

  10. Құртқашаштар тұқымдасына жатпайды:

Қате туралы хабарландыру