Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Әртүрлі сөз табына жататын сөздер.

Конспект

Ағылшын тілінде кейбір сөздер сөйлемнің мағынасына қарай әр түрлі сөз табына жатуы мүмкін. Көптеген негізгі етістіктердің зат есімнен айырмашылығы болмайды. Олардың мағынасы сөйлемдегі орнына және атқаратын қызметіне ғана қарай түсінікті болады. Мысалы: Work сөзі зат есім де, етістік те бола алады.

Work зат есімде «жұмыс» деп аударылса, етістікте «жұмыс істеу» деп аударылады. Wonder – зат есімде керемет деп аударылса, етістікте таңғалу деген мағынаны береді.

Back – сөзі зат есімде арқа, бел, бір нәрсенің артқы бөлігін білдірсе, үстеуде артқы, арты, артында деген мағына береді.

Clean – сөзі сын есімде таза деген мағынаны берсе, етістікте бұл сөзі тазалау, жинау деген мағынаны береді.

Delay- сөзі зат есімде «тоқтау», етістікте кідіру, кешігу деген мағынаны береді .

Drink - сөзі зат есімде сусын, етістікте ішу деген мағынаны береді.

End – сөзі зат есімде соңы, етістікте аяқтау деген мағынаны береді.



Сұрақтар
  1. Төмендегі сөйлемде ‘move’ cөзі қай сөз табына жататынын көрсетіңіз. Please move your car, it is blocing my way out.

  2. Төмендегі сөйлемде ‘work’ сөзі қандай сөз табының қызметін атқарып тұрғанын белгілеңіз. His first scientific work was a great success.

  3. Төмендегі сөйлемде ‘work’ сөзі қандай сөз табында тұрғанын анықтаңыз. I work at a factory.

  4. Төмендегі сөйлемде jump сөзі қай сөз табында тұрғанын белгілеңіз. Your jump was great.

  5. Төмендегі сөйлемде jump сөзі қай сөз табында тұрғанын көрсетіңіз. I jump over the fence.

  6. Зат есімнің де, етістіктің де қызметін атқаратын сөзді көрсетіңіз.

  7. Төмендегі сөздердің ішінен зат есім де, сын есім де бола алатын сөзді көрсетіңіз.

  8. Сын есім әрі зат есім бола алатын сөзді көрсет.

  9. Төмендегі сөйлемде ‘back’ сөзі қандай сөз табында тұрғанын анықтаңыз. The paper is delivered at the back door.

  10. Төмендегі сөйлемдегі ‘back’ сөзі қай сөз табында тұрғанын көрсет. Back is a part of the body.

Қате туралы хабарландыру