Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Есімдік, түрлері, емлесі, есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Конспект

Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

 

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

 

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, меңзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

 

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т.б.

 

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.

 

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

 

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т.б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе, бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы, Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

 

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдіктері: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше, әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан, т.б.

 

Есімдіктің тәуелденуі

 
 

 

ол

Бұл

мынау

кім

өз

Менің

оным

бұным

мынауым

кімім

өзім

Сенің

оның

бұның

мынауың

кімің

өзің

Сіздің

оныңыз

бұныңыз

мынауыңыз

кіміңіз

өзіңіз

Оның

онысы

бұнысы

мынауы

кімі

өзі

Біздің

онымыз

бұнымыз

мынауымыз

кіміміз

өзіміз

Сендердің

оларың

бұларың

мынауларың

кімдерің

өздерің

Сіздердің

оларыңыз

бұларыңыз

мынауларыңыз

кімдеріңіз

өздеріңіз

Олардың

олары (онысы)

бұнысы

мынауы

кімдері

өздері

 

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады:

1) ілік, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;

2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;

4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

 

Үлгі:

А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

мен

ме-нің

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мен-і-мен

Сен

се-нің

са-ған

се-ні

сен-де

се-нен

сен-і-мен

ол

о-ның

о-ған

о-ны

он-да

о-дан

он-ы-мен

бұл

бұ-ның (мұ-ның)

бұ-ған

бұ-ны (мұ-ны)

бұн-да (мұн-да)

бұ-дан (мұ-нан)

бұн-ы-мен

(мұ-ны-мен)

сол

со-ның

со-ған

со-ны

сон-да

со-дан

со-ны-мен

 

Есімдіктер әртүрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

 

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?) үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім (кім?) өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?) айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұралады. Ол әркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрді.

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгіме әлдеқашан (қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?) бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым – осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – бізбіз.

 

Есімдіктер құрамына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Дара есімдік бір сөзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т.б.

2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы: кімде-кім, өз-өзіне; бірігу арқылы: әрқашан, кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т.б.​​​​​​​



Сұрақтар
  1. Үстеу мәніндегі есімдігі бар сөйлемді табыңыз.

  2. Сын есім орнына жұмсалатын есімдік қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  3. Зат есім орнына жұмсалатын есімдікті табыңыз.

  4. Пысықтауыш қызметіндегі есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  5. Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

  6. Достары да осында. Есімдіктің синтаксистік қызметін табыңыз.

  7. Бастауыш қызметіндегі есімдікті белгілеңіз.

  8. Менің айтарым – осы. Есімдіктің синтаксистік қызметін көрсетіңіз.

  9. Толықтауыш қызметіндегі есімдікті көрсетіңіз.

  10. Дара есімдікті табыңыз.

  11. Күрделі есімдік қатарын белгілеңіз.

  12. Емлеге сай жазылған есімдікті табыңыз.

  13. Емлеге сай жазылмаған есімдікті белгілеңіз.

  14. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

  15. Жалпылау есімдігін табыңыз.

  16. Ілік септігінің жалғауын меңгеріп тұрған есімдікті белгілеңіз.

  17. Өздік есімдігін анықтаңыз.

  18. Жіктеу есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  19. Сұрау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

  20. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

  21. Тәуелдік жалғауын меңгеріп тұрған есімдікті көрсетіңіз.

  22. Есімдіктің мағыналық түрі қанша екенін анықтаңыз.

  23. Атау тұлғадағы есімдікті табыңыз.

  24. Септік жалғауын меңгеріп тұрған есімдікті табыңыз.

  25. Есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  26. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.

  27. Болымсыздық есімдіктердің көбіне ұйытқысы болатын сөзді табыңыз.

  28. Дара есімдікті көрсетіңіз.

  29. Сілтеу есімдігінің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.

    Мен мынау ауылдарға барып көрем.

  30. Есімдіктердің атқаратын қызметін белгілеңіз.

    Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.

  31. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

    Мына қарлығаштардың сезімталдығын ешкім ұмытпас.

  32. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.

  33. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

  34. Сілтеу есімдігін табыңыз.

  35. Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

  36. Септелу кезінде түбірі өзгеріске ұшыраған есімдікті көрсетіңіз.

  37. Бірыңғай белгісіздік есімдіктер қатары

  38. Тәуелденіп септеліп тұрған есімдік (-тер)

  39. Тек қана жіктеу есімдігі қатысқан қатар (-лар)

Қате туралы хабарландыру