Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Бассүйек және иық, жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектері

Конспект

Бассүйек қаңқасы – ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты бөлімі бір-бірімен берік (қозғалмай) байланысқан маңдай, төбе (2), самай (2), шүйде және т. б. сүйектерден құралған. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының әсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті, ең соңында сүйекке айналады

 

Бет бөліміне – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақ сүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны арқылы байланысқан (1-сурет).

 

 

1-сурет. Бассүйектің құрылысы:

1 – маңдай сүйегі; 2 – мұрын сүйегі, 3 – үстіңгі жақсүйек, 4 – астыңғы жақсүйек; 5 – бет сүйегі; 6 – шықшыт буыны; 7 – шүйде сүйек; 8 – самай сүйек; 9 – төбе сүйек; 10 – омыртқа жотасының мойын бөлімі

 

Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақ және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.

 

Қол қаңқасыҚол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қолбасы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен байланысады. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады.

 

Қолбасы сүйектеріне– білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің басбармақтан басқасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал басбармақта екеу болады.

 

 

Аяқ қаңқасына – жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады.

Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Жамбастың өзі бір-бірімен тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады.

 

 

Аяқ сүйектеріне жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан және башпай сүйектері.

 

Табан сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан көбіне жалпақ табандылық ауытқуы пайда болады. Оған аяқ бұлшықеттерінің әлсіз дамуы да әсер етеді. Бұл кезде табан сүйектерінің күмбезденіп орналасуы ауытқып, табан сүйектері жерге толық тиіп тұрады. Жүргенде, жүгіргенде аяқтың бұлшықеттері тез шаршайды. Жалпақ табандылықты болдырмау үшін өкшесі бар аяқ киім кию керек.



Сұрақтар
  1. Бассүйек қаңқасы:
  2. Бет бөлімі сүйегі:

  3. Иық белдеуі мен қол сүйектері жатады:
  4. Тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі, қолбасы сүйектері жатады:
  5. Білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады:
  6. Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері:

  7. Қозғалмайтын сүйектер:
Қате туралы хабарландыру