Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ХІІ тарау. Биологиялық ырғақтар. Ұйқы, оның маңызы мен гигиенасы

Конспект

Тірі ағзаларға тән ырғақ – биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік әрекетіне әсер етеді.

 

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың дамуы тікелей ғарыштық факторлардың әсері арқылы жүріп отырады. Әсіресе, Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның қан қысымы өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да әсерін тигізеді.

 

Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым – хронобиология (грекше «chronos» – уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология (грекше «bіos» – тіршілік, «rhytmos» – ырғақтылық) деп те атайды.

 

Ырғақтылық – тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық арқылы ағзалар сыртқы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғақтылықтың үйлесімділігі жүйке және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы қызметінің ырғақтылығын реттеуде әлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс тәртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.

 

Жылдық ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл атқарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу қабілеттері өзгереді. Күз бен қыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

 

Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу қабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5–7 күн аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіндігі анықталған.

 

Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің ауысуы ұйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуға ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей тәуліктік ырғақтың бұзылуынан пайда болады. Тәуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта ұйықтау, тынығып алу қажет.

 

Ұйқы және оның маңызы. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап демалады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бәсеңдейді, жүректің соғу жиілігі баяулайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы белсенді түрде жүретін психикалық және физиологиялық процесс. Ұйқы мидың үйлесімді қызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асықпай талдап, ертеңгі қызметіне қажетті бағасын белгілейді. Ұйқы арқылы ағза өзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинақталады. Ұйқының белгілі бір уақытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатындығы анықталған.



Сұрақтар
  1. Тірі ағзаларға тән ырғақ.

  2. Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым.
  3. Биологиялық ырғақ қалыптаса бастайтын кезең.
  4. Маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты кезең.
  5. Ұйқының бұзылуының кең тараған түрі.

  6. Адамда ұзақ уақыт ұйқысыздық ауруы.
  7. Қай кезеңде ырғақтылықтың едәуір ауытқуы байқалады?

  8. Ұйқы мидың қай бөлімінің жұмысы арқылы жүзеге асады?

  9. Баяу ұйқы кезеңіндегі өзгерістерге жатпайды:

  10. Адам ағзасындағы ырғақтылық үйлесімділігі қалай реттеледі?

  11. Жаңа туған нәрестенің қалыпты ұйықтау ұзақтығы

  12. Ұйқының түрі

Қате туралы хабарландыру