Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Артикль қойылмайтын сөздер.

Конспект

Ағылшын тілінде артикль қойылмайтын сөздер және тіркестер кездеседі.

1. Адам есімдерінің алдында, туған-туыс атауларының алдында артикль қойылмайды.

Мысалы: Aiman, Herbert Puchta, Almat, Erlan, V.N. Philippov, mother, Father, Uncle etc.

2.Кейбір географиялық атаулардың алдында қолданылмайды. Континенттер, шығанақ атаулары, таудың биік төбесі, негізгі арал аттарының алдында қолданылмайды. Мысалы: Europe, Asia, America, Great Britain, Italy, China, Delhi, Hudson Bay, Madagascar, Elbrus, Everest, Cuba, Cyprys, etc.

3. Әр түрлі жалқы есімдерінің алдында қойылмайды.

А) Оқу орындарының, ай, апта ,мерекелік күндердің алдында, егер зат есімнің алдында жалқы және жалпы есім тәуелдік септікте тұрса, бұйрықты және кейбір сұраулы сөйлемдерде, үй, ғимараттардың аттарының алдында, әуежай және теміржол станция атауларының алдында қолданылмайды.

Мысалы: London University, Oxford University, Astana Airport, Victoria station, Westminster Abbey, January, March, Monday, Sunday, Nauryz, my friend’s house, What’s your name?, Вe careful etc.

Егер зат есімнің алдында сілтеу есімдігі немесе өздік есімдігі келсе, зат есім өздік есімдікте келсе, артикль қойылмайды. Мысалы: This is my bag. It’s teacher’s book. He has no book.

Артикль келесі сөз тіркестерінде қолданылмайды: at night, at home, at work, at first sight, to go to bed, to be in bed, in time, by train, by bus, in conclusion, by air, by water, day after day, by heart, day and night, by chance, from morning to night, by mistake, from time to time, by name, from heard to foot, to go to school, from day to day, at table. Сонымен қатар next және last. Next week, next year, last month, last Tuesday.



Сұрақтар
  1. Артиклді қажет етпейтін сөзді таңда.

  2. Артикльді дұрыс қой. They don’t go to ... school on ... Sunday.

  3. Артикльді дұрыс қой. I go to ... School, by ... bus every day.

  4. Сөйлемді толықтыр. My friend works …

  5. Сәйкес келетін артикльді таңдаңыз. Look at page ... 56.

  6. Дұрыс құрылған сөйлемді тап.

  7. Сөйлемді артикльмен толықтыр. ... Monday is the first day of the week.

  8. Сөйлемді артикльмен толықтыр. ___ Kanat's house is big.

  9. Артикль қойылмайтын сөйлемді белгіле.

  10. Артиклді қажет етпейтін сөз.

Қате туралы хабарландыру