Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша
ҰБТ тапсыру

Өткізу уақыты: 01.02.2019 – 16.07.2019

Бас жүлде:

  1. Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұсынған оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдігі бар 10 оқу гранты.

  2. Байқаудың жалпы рейтингі бойынша 50 жеңімпазға кепілді жүлде.

Мазмұны:

  1. Байқаудың жалпы ережелері

  2. Байқаудың мақсаттары

  3. Байқауға қатысушылар

  4. Байқаудың басталу және аяқталу кезеңдері

  5. Байқауды өткізу тәртібі

  6. Жеңімпаздарды анықтау

  7. Жеңімпаздарды марапаттау

  8. Байқауды ұйымдастырушылар және демеушілер

 

1) Байқаудың жалпы ережелері:

1. Атауы – «iTest: Үздік нәтиже» байқауы, (ары қарай – Байқау).

2. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

3. Байқау екі кезеңге бөлінген:

3.1. «iTest: Ең үздік нәтиже» байқауының онлайн кезеңі: іріктеп алынған ең үздік 50 қатысушы демеушілерден кепілді сыйлықтар алады. Байқаудың онлайн кезеңі itest.kz платформасында, ғаламтор желісі арқылы өтеді.

3.2. «iTest: Ең үздік нәтиже» байқауының офлайн кезеңі: Алматы қаласында өтеді. Байқаудың 50 жеңімпазы қатарына кіретін және ресми ҰБТ-да 55 және одан жоғары балл алған 11-сынып оқушылары бас жүлде – Алматы Менеджмент Университеті ұсынған оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдігі бар 10 оқу грантының 1-ін жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

3.3. Грантқа талас Алматы қаласында AlmaU ғимаратында тест тапсырмалары: ҰБТ-ның таңдау пәндері және IQ тест түрінде өтеді.

3.4. Грантқа таласу үшін Алматы қаласына келуге мүмкіндігі жоқ 11-сынып оқушылары онлайн кезеңнің шарттары бойынша кепілді сыйлық алады.

 

2) Байқаудың мақсаттары:

Байқаудың мақсаттары:

  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында оқушылардың білімін көтеру.
  • Оқушыларды ҰБТ емтиханын тапсыруға ынталандыру.

  • Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау.

 

3) Байқауға қатысушылар:

  1. Байқауға 9,10,11 сыныпта оқитын мектеп оқушылары, орта және арнайы білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қатыса алады. Байқауға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт.
  2. Байқауға қатысу барлық қатысушылар үшін ТЕГІН.
  3. Itest.kz сайтындағы қатысушы сауалнамасындағы барлық деректердің дұрыс толтырылуына қатысушы толықтай жауапты. Деректер дұрыс толтырылмаған жағдайда ұйымдастырушылар сауалнаманың күшін жоюға және қатысушының нәтижесін Байқау рейтингінен алып тастауға құқылы.
  4. Байқауға Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар жіберілмейді.

 

4) Байқаудың басталу және аяқталу кезеңдері:

  • Байқаудың басталатын күні: 2019 жылдың 1 ақпаны.
  • Байқаудың аяқталатын күні: 2019 жылдың 16 шілдесі.

  • Байқау екі басты кезеңнен тұрады – онлайн кезең, оның нәтижесі бойынша рейтингідегі үздік 50 қатысушы марапатталады және офлайн кезең, онда оқу гранттарын жеңіп алу үшін ұтыс ойыны қарастырылған.

  • Онлайн кезеңде жүлде алатын Байқау көшбасшыларын марапаттаудың 3 мерзімі қарастырылған. Аралық кезең жеңімпаздарын марапаттау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

  • - Бірінші мерзім (1 ақпан мен 20 наурыз аралығында – 1 жеңімпаз);

    - Екінші мерзім (21 наурыз бен 20 мамыр аралығында – 1 жеңімпаз);

    - Үшінші мерзім (21 мамыр мен 20 маусым аралығында – 1 жеңімпаз).

  • «iTest: Үздік нәтиже» Байқау рейтингінің 50 жеңімпазы қатарына кіретін және ресми ҰБТ-да шекті балл алған Қазақстан Республикасы мектептерінің 11-сынып оқушылары үздік университеттердің бірінде оқу гранттарының ұтыс ойыны байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

 

5) Байқауды өткізу тәртібі:

1. Байқауға қатысу үшін қатысушы itest.kz сайтына тіркелуі, Байқау Ережелерімен келісетінін мақұлдауы және қатысушы сауалнамасын толтыруы тиіс.

2. Байқауды өткізу барысында ҰБТ-ның екі түрі қолданылады – Сынақ ҰБТ және Байқау ҰБТ.

2.1. Сынақ ҰБТ-ға Байқаудың барлық қатысушысы жіберіледі. Ол дайындық үшін және Байқау ҰБТ-ға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады; Сынақ ҰБТ-ның нәтижесі Байқау рейтингінде ескерілмейді.

2.2. Байқау ҰБТ – нәтижесі Байқау рейтингінде ескерілетін тестілеу. Қатысушы тек 3 рет Байқау ҰБТ-ны тапсыра алады.

2.3. Әр 5-Сынақ ҰБТ-дан кейін қатысушы бір Байқау ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік алады.

2.4. Байқау ҰБТ-ны әр 5-сынақтан кейін тапсыру міндетті емес, Байқау ҰБТ-ның нәтижесі қорытынды рейтингіде көрінеді. Қатысушыға Сынақ ҰБТ-ны тапсыруға шексіз мүмкіндік берілген.

2.5. Байқауға Екінші немесе Үшінші кезеңде қосылған қатысушылар Байқау басталған шақтан тіркелген қатысушылар арасындағы жалпы рейтингте нәтиже теңестіру үшін Бірінші немесе Екінші кезеңнің Сынақ ҰБТ-сын бір уақытта тапсыру мүмкіндігі бар.

 

3. Байқаудың онлайн кезеңі 01.02.19 – 20.06.19 аралығында өткізіледі, жалпы қатысушылар рейтингі мен аралық жеңімпаздарды анықтау мерзімдері бар.

3.1. Жалпы рейтинг барлық 3 Байқау ҰБТ-ны тапсыру нәтижесін көрсетеді.

3.2. Барлығы үш аралық мерзім белгіленген:

  • Бірінші мерзім (1 ақпан мен 20 наурыз аралығында) – №1 Байқау ҰБТ-ның нәтижесі ескеріледі;

  • Екінші мерзім (21 наурыз бен 20 мамыр аралығында) – №2 Байқау ҰБТ-ның нәтижесі ескеріледі;

  • Үшінші мерзім (21 мамыр мен 20 маусым аралығында) – №3 Байқау ҰБТ-ның нәтижесі ескеріледі. Әр мерзімнің көшбасшылары сыйлықтармен марапатталады.

3.3. Әр мерзімнің жеңімпаздарын анықтау Байқау ҰБТ-ның сәйкес мерзімі нәтижесіне сай жүргізіледі: Бірінші мерзім – №1 Байқау ҰБТ, Екінші мерзім – №2 Байқау ҰБТ және т.с.с.

3.4. Байқау рейтингінің 50 жеңімпазы қатарына кіретін қатысушылар демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

 

4. Байқаудың офлайн кезеңі Алматы қаласында 05.07.19 – 13.07.19 аралығында, Алматы қаласында өткізіледі.

4.1. Бұл кезеңде Байқаудың 50 жеңімпазы қатарына кіретін, мемлекеттік ҰБТ тапсыру нәтижесі бойынша шекті балл алған және 11-сынып оқушысы болып табылатын қатысушылар AlmaU-дың ішкі Байқауына қатысады.

4.2. Ішкі Байқаудың жеңімпаздары бас жүлдені, яғни AlmaU ұсынған Университеттің «Оқу гранттары мен жеңілдіктері туралы» Ережесінде жазылған үлгерім талаптарын (бағалар, GPA) сақтаған жағдайда оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдігі бар 10 оқу грантын жеңіп алады.

4.3. Жеңімпаз оқу грантынан бас тартқан жағдайда Ұйымдастырушылар алқасы немесе Байқау комиссиясы оқу грантын рейтинг тізімінде келесі тұрған қатысушыға табыстау туралы шешім қабылдай алады.

4.4. Оқу гранттары барлық мамандық пен тіл бөлімдеріне таратылады. Басты анықтаушы фактор – ҰБТ/КТ профильді пәндері мен межелі балдар: жалпы алғанда 55 балл жинау қажет, әр пән бойынша жинаған балл саны 5-тен кем болмауы тиіс.

6) Жеңімпаздарды анықтау:

  1. Байқаудың жалпы рейтингінің жеңімпаздары 3 Байқау ҰБТ-ның орташа балының нәтижесі бойынша анықталады.
  2. Әр мерзімнің жеңімпаздарын анықтау Байқау ҰБТ-ның сәйкес мерзімі нәтижесіне сай жүргізіледі: Бірінші мерзім – №1 Байқау ҰБТ-ның, Екінші мерзім – №2 Байқау ҰБТ-ның және т.с.с.
  3. Әр мерзім жүлдесінің ұтыс ойынына қатысу үшін осы мерзім аяқталғанша сәйкес Байқау ҰБТ-ны өту қажет.
  4. Байқаудың сәйкес мерзімінде рейтингінің алғашқы 3 орынын алған қатысушылар жүлделермен марапатталады.
  5. Байқаудың көрсетілген мерзімдерінде көшбасшылар арасында ең жоғары балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сәйкес мерзімде Байқау ҰБТ-ны өтуге кеткен уақыт та ескерілетін болады.
  6. Бірнеше қатысушы арасында жалпы рейтингінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жалпы үш Байқау ҰБТ-ны тапсыруға кеткен орташа уақыт ескеріледі.
  7. Байқауға Екінші немесе Үшінші кезеңде қосылған қатысушылар Байқау басталған шақтан тіркелген қатысушылар арасындағы жалпы рейтингте нәтиже теңестіру үшін Бірінші немесе Екінші кезеңнің Сынақ ҰБТ-сын бір уақытта тапсыру мүмкіндігі бар.

 

7) Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Сәйкес мерзім рейтингінің алғашқы 3 қатысушысы жүлделермен марапатталады.
  • Байқау Мерзімдері бойынша рейтингінің басында тұрған көшбасшыларды марапаттау әр мерзім аяқталғанда жүргізілетін болады.

  • Байқаудың нәтижелері мен онлайн кезеңнің жалпы рейтингінің жеңімпаздары bilimland.kz сайтында 2019 жылдың 21 маусымында жарияланады.

  • Байқау шарттары бойынша оқу грантының ұтысына немесе Байқаудың екінші кезеңіне қатыса алмайтын онлайн кезеңнің жеңімпаздарына берілетін сыйлық поштамен жіберіледі. Сыйлықтарды табыстау Байқау нәтижелері анықталғаннан кейінгі 1 ай ішінде жүзеге асырылады.

  • Ресми ҰБТ-да шекті балл алған Байқаудың онлайн кезеңінің жеңімпаздары бас жүлденің ұтыс ойынына қатысу үшін Алматы қаласына келулері керек. AlmaU-дың ішкі Байқауының нәтижесі бойынша оқу гранттарын жеңіп алған жеңімпаз марапатталатын болады. Жолға және жатын орнына кететін қаражатты Байқау қатысушыларының өздері көтереді.

 

8) Байқауды ұйымдастырушылар және демеушілер:

  • Байқаудың Бас ұйымдастырушысы әрі демеушісі – Bilim Media Group компаниясы.
  • Бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті.
  • Ақпараттық серіктестер – «Хабар Агенттігі» АҚ, «Білімді ел – Образованная страна» газеті, Baribar.kz, Kundelik.kz.

Сұрақ-жауап

iTest дегеніміз не?
iTest бұл – қорытынды аттестаттау, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және Кешенді тестілеуге (КТ) дайындалуға көмектесетін бірегей платформа. iTest-тің көмегімен белгілі бір пән және тақырып бойынша тестіден өтуге, қатемен жұмыс жасауға және қайталауды қажет ететін тақырыпқа қайта оралуға болады.
«iTest: Үздік нәтиже» байқауы туралы Байқауға қалай қатысуға болады?
Байқауға қатысу үшін ең алдымен байқау Ережелерімен мұқият танысып шыққаныңыз абзал. Егер байқау шарттарымен келіссеңіз және ондағы талаптарға сай болсаңыз, онда itest.kz сайтындағы қатысушыларға арналған сауалнаманы толтыру қажет.
Байқауға кімдер қатыса алады?
Байқауға 9,10,11 сыныпта оқитын мектеп оқушылары, орта және арнайы білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қатыса алады. Сондай-ақ байқауға қатысушы міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт.
Байқау неше кезеңнен тұрады?
«iTest: Үздік нәтиже» байқауы екі кезеңнен тұрады: онлайн және офлайн. Онлайн кезең itest.kz сайтында, тестілеу түрінде өтеді. Офлайн кезеңге онлайн кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
«Мерзім» дегеніміз не?
«iTest: Үздік нәтиже» байқауының онлайн кезеңінде рейтингі жоғары қатысушылар марапатталады және 3 мерзімге бөлінген: - Бірінші мерзім (1 ақпан – 20 наурыз аралығы); - Екінші мерзім (21 наурыз – 20 мамыр аралығы); - Үшінші мерзім (21 мамыр – 20 маусым аралығы).
«Сынақ ҰБТ» дегеніміз не?
Сынақ ҰБТ – уақыт шектеулігі мен бірыңғай тестілеуге сәйкес талаптары бар нағыз ҰБТ жаттықтырғышы. Қатысушы ҰБТ тестілеуін қанша рет тапсырса да өз еркінде. 5 рет сынақ ҰБТ тапсырғаннан кейін қатысушыға Байқау ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі.
«Байқау ҰБТ» дегеніміз не?
Байқау ҰБТ – нәтижесі байқау рейтингінің кестесіне жазылып есептелетін тестілеу. Қатысушы тек 3 Байқау ҰБТ тапсыра алады. Байқау ҰБТ-ны өту 5 рет сынақ ҰБТ тапсырғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Байқауда қанша жеңімпаз болады?
Онлайн кезеңінде мерзімаралық жеңімпаздарды марапаттау қарастырылған – әр мерзімде 3 жеңімпаз болады. Сондай-ақ онлайн кезеңінің қорытындысы бойынша байқау рейтингінің үздік 50 қатысушысы марапатталады және екінші кезеңге қатысып, бас жүлде үшін бағын сынап көруге мүмкіндік алады.
Байқау жеңімпазы қалай анықталады?
Байқаудың қорытынды рейтинг жеңімпаздары 3 Байқау ҰБТ-ның орташа балының нәтижесі бойынша анықталады. Нәтижелер теңдей болған жағдайда 3 Байқау ҰБТ-ны тапсыруға жұмсалған орташа уақыт есепке алынады.
Мерзім жеңімпаздары қалай анықталады?
Рейтингі жоғары 3 қатысушы әр мерзімнің жеңімпазы атанады. Белгіленген мерзім жеңімпаздары мерзіміне сәйкес Байқау ҰБТ-ның жоғары балл нәтижелері бойынша анықталады: - Бірінші мерзім – №1 Байқау ҰБТ; - Екінші мерзім – №2 Байқау ҰБТ; - Үшінші мерзім – №3 Байқау ҰБТ.
Жеңімпаздар қашан жарияланады?
Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың 21 маусымында bilimland.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланады.
Ұтып алған сыйлығымды қалай ала аламын?
Егер сауалнаманы дұрыс толтырсаңыз, сізбен байланысуымыз жеңілдеп, сыйлықты жіберу оңай болады. Сыйлық пошта арқылы жіберіледі.
Орын Аты-жөні Балл Уақыт Қала
1 Нұрсұлтан Ерланұлы Бораншы 139 01:24:26 Қостанай облысы
2 Жеңіс Сақыбекұлы Әлібек 137 01:02:36 Түркістан облысы
3 Лина Жұмахан Жұмахан 137 01:09:09 Шығыс Қазақстан облысы
4 Сабина Нұрланқызы Нұрланова 135 01:05:13 Шығыс Қазақстан облысы
5 Əлия Ерғалиқызы Қилыбай 135 01:10:01 Шығыс Қазақстан облысы
6 Ерасыл Нұрсұлтанұлы 134 00:50:05 Түркістан облысы
7 Рысгүл Мұратқызы Жумадилова 133 01:22:44 Шығыс Қазақстан облысы
8 Нар Куат 132 01:35:25 Шығыс Қазақстан облысы
9 Алина Петровна Микитайчук 132 02:28:04 Қостанай облысы
10 yuz.4313 Жанғалиұлы Жанғалиұлы 132 03:17:03 Түркістан облысы
11 Еділ Шынәлі Сейдакпар 130 01:43:07 Түркістан облысы
12 Айтолқын Абдірахманқызы Әбдіхалық 129 02:24:58 Қызылорда облысы
13 Карина Маликовна Кабиева 126 02:16:38 Қостанай облысы
14 Айтолқын Абдрахманқызы Әбдіхалық 125 03:40:34 Қызылорда облысы
15 Булгын Айдаровна Оразбаева 121 02:11:25 Алматы облысы
16 Диас Жаныбекович Туматаев 121 02:14:08 Қостанай облысы
17 Айдар Канатович Ибраимов 120 01:22:20 Ақмола облысы
18 Илья Владимирович Колузанов 118 03:15:47 Алматы
19 Вадим Дмитриевич Воловенко 117 02:25:03 Ақтөбе облысы
20 Шахноза Улуғбекқызы Ерназарова 116 02:16:02 Түркістан облысы
21 Нұрсулу Байғабылқызы Арғыналиева 113 03:18:31 Қызылорда облысы
22 Дарыга Ырысбаевна Балгазыева 110 02:28:39 Маңғыстау облысы
23 Карина Максимовна Хасанова 108 01:51:13 Қостанай облысы
24 Асылжан Серікқызы Елдес 108 02:36:40 Ақтөбе облысы
25 Азамат Кенжалыұлы Бекайдар 108 02:45:31 Қызылорда облысы
26 Ерәлі Умирзакұлы Усен 107 03:06:14 Түркістан облысы
27 Аяз Қуаныш Архарбеков 106 00:22:50 Түркістан облысы
28 Саят Қуаныш Архарбеков 106 00:31:36 Түркістан облысы
29 Нұртілек Ержанұлы Бейсенбай 106 02:28:53 Алматы
30 Дамир Асхатулы Садырбек 105 03:50:01 Жамбыл облысы
31 Гульжан Армановна Жакиянова 104 01:51:43 Ақмола облысы
32 Diyas Zairzhanovich Zairov 103 01:36:40 Алматы
33 Диана Александровна Баженова 103 03:22:04 Нұр-Сұлтан
34 Карина Маликовна Кабиева 102 01:24:50 Қостанай облысы
35 Асел Ербулатовна Аккалиева 102 01:58:06 Атырау облысы
36 Султанбек Жанарбекович Женисбеков 99 03:34:31 Атырау облысы
37 Камила Саиновна Сайдалина 98 01:30:00 Қостанай облысы
38 Балжан Жаңабекқызы Темірғали 98 02:50:00 Түркістан облысы
39 Назерке Серікқызы Әбдікерімова 94 02:28:29 Алматы
40 Дильназ Азаматқызы Махмудова 94 02:44:44 Алматы облысы
41 Малика Жандарбек 93 01:28:13 Павлодар облысы
42 Сұңқар Оралбек 93 01:57:41 Ақмола облысы
43 Руслан Серикович Жаркенов 92 03:46:01 Солтүстік Қазақстан облысы
44 Гүлнұр Мұрат Жиенбаева 91 02:38:00 Атырау облысы
45 Дихан Арманович Максимов 90 01:27:29 Батыс Қазақстан облысы
46 Жанбота Байдилдакызы Байдилда 90 01:40:47 Қызылорда облысы
47 Владислав Ильич Гринёв 89 01:56:24 Солтүстік Қазақстан облысы
48 Бақерхан Айбулатулы Айбулатов 86 01:32:50 Ақтөбе облысы
49 Ақбота Сағадатқызы Сайлаубаева 81 01:24:32 Алматы облысы
50 Дарья Евгеньевна Барбанакова 80 01:27:51 Шығыс Қазақстан облысы
Қазіргі уақытта қатысушылардың жалпы саны 5868

Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Біз білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT- компаниялармен, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар. Дегенмен де бәрінен де бізге мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың ықыласы қымбат, біздің жұмыс сіздерге арналады.   толығырақ

Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлік университет. Білім беру нарығында 30 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-университет, ТМД-да бизнес білім берудің пионері. Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.   толығырақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.  толығырақ

«Хабар Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «Хабар 24», «Kazakh TV», «ЕЛ АРНА» телеарналары кіреді. Эфирдің 70% телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Көрсетілімдердегі бағдарламалардың 90% әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтиды. Тәуліктік хабар таратудың 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.   толығырақ

BariBar.kz – мультимедиялық контент дайындайтын, көп салалы сайт. Мұнда өзекті сұрақтарға жауап табуға болатын, жүйеленген “Сұрақ-Жауап” платформасы бар.   толығырақ

«Kүнделік (Kundelik)» ЖШС – қазақстандық АТ-компаниясы, білім беру басқару мекемелердің өкілдеріне, сондай-ақ мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілеріне бірыңғай электрондық білім беру аймағының әзірлеушісі.   толығырақ

BilimdiEl.kz – газет сан салалы тақырыптарға сөз қозғайды. Білім беру мекемелері мен ЖОО, колледж, мектеп, балабақша қызметкерлеріне, ата-аналар қауымдастығына, студенттер мен оқушыларға, жалпы білім саласына бейжай қарамайтын адамдарға пайдалы контент жинақталған. Басылымның мақсаты - ғылыми ой, педагогикалық еңбек пен білім саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені дәріптеу.   толығырақ

Қымбатты «iTest - үздік нәтиже» байқауының қатысушылары, оқушылар мен студенттер!  Сіздерге байқау видеокүнделігінің бірінші бөлімін ұсынамыз. 

Мұнда төмендегі сұрақтар бойынша жауап таба аласыздар:

  • Байқау туралы толық ақпарат.
  • Белсенді ТОП-5 қатысушы.
  • Жиі қойылатын сұрақтар.

Байқау жалғасуда! Назарларыңызға байқау видеокүнделігінің екінші бөлімін ұсынамыз. 

Қымбатты байқауға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға «iTest—үздік нәтиже» байқауының үшінші бөлімін ұсынамыз! Мұнда сіздер бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша толық ақпарат ала аласыздар. Сонымен бірге, байқау барысындағы жаңалықтарға тоқталдық:

  •  Бірінші кезеңнің көшбасшысы анықталып, сыйлыққа ие болды. 
  • Қай аймақтың қатысушылары белсенділік танытқаны белгілі болды. 
  • AlmaU-ға қонаққа барып қайттық.
  • Қателіктер туралы ең көп хабарлама жіберген қолданушы марапатталды.
  •  Пікірлер байқауы.

Білім беру нарығында 30 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-университет, ТМД-да бизнес білім берудің пионері.

12 желтоқсан 2018 жылы Қазақстандағы бірінші ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY бизнес-жоғары оқу орнына 30 жыл толады!

AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды. Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы даму кезеңінен табысты түрде өткен Алматы менеджерлер мектебі (АММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертіліді. ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды. Жаңа стратегияға сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген жаңа атау беріліп, кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.

Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, Қазақстанда бірінші рет МВА және DBA бағдарламаларын оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.

AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды иеленген Қазақстандағы алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. Университет – инновациялық білім беру бағдарламасын жасап, жүзеге асырып, шаңа шыңдарды бағындырып, үнемі ілгері дамып отыратын оқу орны.

Almaty Management University - Eduniversal (Франция) Халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша Орталық және Оңтүстік Азия аймағына кіретін ең үздік бизнес – мектептер арасында ең ҮЗДІК -3 орында. Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСҚТҚА) Қазақстандағы ең үздік гуманитарлы-экономикалық жоғары оқу орындары атты ұлттық рейтингі бойынша ҮЗДІК- 3 орында, интернет технологияны пайдаланудағы көшбасшы университет.

AlmaU – бағыт-бағдар беретін үздік университет.

Мамандықтар

10 грант ұтысқа салынатын мамандықтар тізімі!

Финансы
Менеджмент
Маркетинг
Логистика
Учет и аудит
Бизнес-аналитика и экономика
HR-менеджмент
Юриспруденция
Регионоведение
Государственная и международная политика
Урбанистика и сити-менеджмент
Связь с общественностью (PR)
Информационные системы
Business analytics and Big data
Software Engineering
Ресторанное дело и гостиничный бизнес
Туризм и event-менеджмент 
Бизнес-администрирование в области предпринимательства

Байқауға қатысу