Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша
ҰБТ тапсыру

Блог

11-03
2020
«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауының 2-кезеңі: сіздердің бейнежазбаларыңызды күтеміз!

2020 жылғы 24 сәуірде аяқталатын екінші кезеңнің байқау жұмыстарын қабылдау басталды.

Байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушыларға байқаудың 1-кезеңінде таңдаған аталымы бойынша бейнежазба форматында байқау жұмыстарын ұсыну қажет (аталымды өзгертуге болмайтынын еске саламыз).

Сонымен, бейнежазба 15 минуттан аспауы керек, mp4 – форматы. Педагогтің өз мамандығын бейнежазбада көрсетуі, оқытуда АКТ-ны пайдаланудың өзектілігі мен маңыздылығы және нақты сабақтың/сынып сағатының/оқу сабағының және т.б. үзінді/үзінділері (қатысушының түсініктемесі болғаны құпталады).

Егер 1-ші және 2-ші кезең жұмыстарында өзгешелік болса (бір аталым шеңберінде болғанмен, әзірлемелер мен бейнелер әртүрлі сабақтардың немесе оқу сабақтарының жоспарларын көрсетсе), онда екінші кезеңнің жұмысын жүктеу кезінде Word форматында әзірленімді қоса беру қажет.

Бірінші кезең жұмыстарына қойылған талаптар екінші кезең үшін де өзектілігін жоғалтпайды.

Бірінші кезеңнен өткен және байқау талаптарына сай келетін, өз жұмыстарын екінші кезеңге жіберген барлық қатысушылар Bilim Media Group компаниясы атынан Алғыс хаттарға ие болады.

Екінші кезеңге өткен қатысушылардың тізімін көру

Қандай жұмыстар байқау талаптарына сәйкес болып саналады?

2-кезеңге арналған байқау бейнежазбалары материалдың мазмұны бойынша, сондай-ақ негізгі техникалық сипаттамалар бойынша да бағаланады:

  • бейнежазба құрылымы (өз жұмысыңызда нақты құрылымды берік ұстануға тырысыңыз: өзіңізді қысқаша таныстырыңыз, АКТ-ны пайдалану туралы айтыңыз, сандық технологияларды қалай қолданатыныңызды және т.б. көрсетіңіз, бұдан кейін нақты сабақтың (оқу сабағының) фрагментін қосыңыз. Регламентке назар аударыңыз (Байқауды өткізу туралы ережені қараңыз);
  • түсірілімнің сапасы (түсірілімдер кезінде бейненің көмескіленуі мен камераның артық тербелістеріне жол бермеңіз; сабақты түсіру барысында монтаждауды пайдаланыңыз);
  • дыбыстың сапасы (дыбыс жазу құрылғысының жақсы бапталғанына көз жеткізіңіз; жоғары сапаға қол жеткізу үшін дыбысты жеке құрылғыға жазып алып, кейін бейнежазбамен монтаждауды пайдалану ұсынылады);
  • АКТ қолдануды көрсету (бейнежазба сабақ жоспарына сәйкес болуы және сабақ кезінде педагогтің сандық ресурстарды қолдануын көрсетуі тиіс);
  • оқушылардың жұмысын көрсету (сіздің оқушыларыңыз сабақта АКТ қолданып, қалай жұмыс істейтінін көрсету өте маңызды).

Біз ақтықсынға қатысушылардың барлығына шығармашылық табыс тілейміз және сіздердің бірегей жұмыстарыңызды күтеміз.

2-КЕЗЕҢГЕ ҚАТЫСУ

39748