Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу

Конспект

Жазықтықта санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.

Тік бұрышты кординаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.

Координаталық түзулер координатаның осьтері деп аталады.

Горизанталь сызығы координаталық түзу абсциссалар (ОХ) осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады.

Вертикаль сызылған координаталық түзу ординаталар (ОУ) осі деп аталады да, төменнен жоғары қарай бағытталады.

Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды.

Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.

Нүктенің координаталары жақша ішінде жазылады: А(4; 3). Нүктенің координаталарын жазғанда, бірінші орынға абсциссасын, екінші орынға ординатасын жазады.

Яғни нүктенің жазықтығындағы орны сандар жұбымен анықталады.

ОХ осінің бойында жатқан кез келген нүктенің ординатасы 0-ге тең. Мысалы, Е(3; 0), F(–4; 0).

OY осінің бойында жатқан кез келген нүктенің абсциссасы 0-ге тең. Мысалы, C(0; –4), (0; 7).

Координатаның осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды.

Нүктенің координаталарының таңбаларына қарап, оны қай ширекте орналасқанын анықтауға болады.

Егер нүкте координаталарының таңбалары (+; +) болса, I ширекте, (–; +) болса, II ширекте, (–; –) болса, III ширекте, (+; –) болса, IV ширекте орналасады.

Мысалы, А (–3; 2) – II-ширекте, B (4; –3) – IV ширекте.

Әртүрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік координата жазықтығында сызықпен кескінделеді, оны график деп атайды.

Мысалдар:

  • Автомашинаның жүрген уақыты мен жолының арасындағы тәуелділік.
  • Уақыт пен сол уақытқа сәйкес ауа температурасы арасындағы тәуелділік.


Сұрақтар
  1. Координаталық түзуде А(– 5), В(3) нүктелері берілген. Осы нүктелерден бірдей қашықтықта орналасқан С нүктесінің координатасын табыңыз.

  2. A(x; – 3) нүктесі III ширекте жатуы үшін x – тің мәні қандай сан болуы керек?

  3. B (2; y) нүктесі абсцисса осінде жатуы үшін y – тің мәні қандай болуы керек?

  4. C(3; y) және D(– 5; 2) нүктелері OX осіне параллель түзудің бойында жатуы үшін y – тің мәні қандай болуы керек?

  5. M (– 3; 4) және N(x; – 4) нүктелері OX осіне перпендикуляр түзу бойында жатса, x – тің мәні қандай?

  6. Координаталық түзудегі А(– 8) АВ кесіндісінің қақ ортасы С(– 3) нүктесі. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

  7. Координаталық түзудегі – 5,8 және 4,3 сандарының арасындағы бүтін сандар санын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру