Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңа Зеландия / New Zealand

Конспект

Жаңа Зеландия – Тынық мұхиттың оңтүстік батыс жағында орналасқан екі аралдан және де ұсақ аралдардан тұратын ел. Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотарио (ұзын Ақ Бұлт елі) деп атайды.

Жаңа Зеландия қарамағына сонымен қатар Кук аралдары Найло, Токелау, Росс Тәуелділігі кіреді. Халқының басым бөлігі Еуропалықтар, ежелгі Маори тұрғындары ең ірі ұлттардың бірі. Астанасы –Веллингтон. Ресми тілі – ағылышын тілі. Жаңа Зеландия Британ Достастығына кіреді, сондықтан мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы болып есептеледі. Заң шығарушы органы бір палаталы Парламент. Атқарушы билік премьер-министр басқаратын үкіметтің қолында.

Ақша бірлігі – Жаңа Зеландия доллары. Ұлттық мерекесі – Вайтанга күні (6ақпан). Осы күні 1840 жылы Ұлыбритания өкіметі мен жергілікті Маори тайпалары Вайтанга өзенінің бойында келісімге келіп жергілікті тайпалар еуропалық қоныс аударушылар және Ұлыбритания Біріккен корольдігі арасындағы қарым-қатынас анықталды.

Жаңа Зеландияны 10-14 ғасырларда Полинезиядан қазіргі Маорилердің арғы аталары келіп қоныстанған. Еуропалықтардан ең бірінші барған адам голландиялық теңізші Абел Тасман, ол оқиға1642 жылы болды.

Екінші рет 18 ғасырдың ІІ жартысында 1769 жылы ағылшын теңізшісі Джеймс Кук зерттеу жүргізді. Жаңа Зеландия аралдары таулы келеді жерінің төрттен үш бөлігі тау, үстірт, қырат. Ең биік жері – Оңтүстік Альпідегі Кук тауы. Өнеркәсәбінің негізгі салалары: тамақ, қағаз шығару, машина жасау, химия, тігін. Жаңа Зеландия – өндірісі мен ауыл шаруашылығы дамыған ел.



Сұрақтар
  1. Дұрыс нұсқасын қой. The  capital of New Zealand is…

  2. Сөйлемді толықтыр New Zealand is the land of the…

  3. Сөйлемді толықтыр. The national emblem of New Zealand …

  4. Дұрыс вариантын қой. Vaitang is a …

  5. Сөйлемді толықтыр. The head of the New Zealand is…

  6. Сөйлемді дұрыс аудар Жаңа Зеландиялықтар жорыққа шығуды өте ұнатады.

  7. Сөйлемді толықтыр. How many chamber has the New Zealand Parliament?

  8. Дұрыс вариантын қой. New Zealand has … Political parties.

  9. Сөйлемді толықтыр The aborigines of New Zealand are the …

  10. Сөйлемді толықтыр. Cook is a…

Қате туралы хабарландыру