Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Заттың магниттік қасиеті

Конспект

Денелердің магниттік қасиеттері болу себебін тұнғыш рет француз ғалымы А. Ампер тапқан. Алдымен дат ғалымы Х. Эрстед тәжірибелеріндегі магнит тілшесінің тогы бар өткізгіш маңында бұрылуын бақылаудан кейін Ампер Жердің магнетизмін жер шарының ішімен ағып жүрген токтар тудырады деп болжады.

 

Заттың магниттік қасиеті микроскопиялық электр токтарымен (атомда электрондардың орбиталдық қозғалысы) ‒ Ампер токтарымен анықталады.

 

\(a)\) Токтардың бағыты реттелмеген болса, олардың тудырған магнит өрістері бір-бірін компенсациялайды, яғни дене магниттелмейді.

 

\(б) \) Егер сыртқы магнит өрісінде микротоктардың бағыты реттелсе, заттың өзінде меншікті магнит өрісі пайда болады да, дене магниттеледі.

 

\(\vec B_0 \ -\) сыртқы өрістің магнит индукциясы

\(\vec B \ -\) заттың ішіндегі магнит өрісінің индукциясы

\(μ \ ‒\) ортаның магнит өтімділігі

диамагнетиктер

\(μ < 1\) магниттік қасиеттері нашар заттар

 

\(μ > 1\) парамагнетиктер

\(μ >> 1\) ферромагнетиктер магниттік қасиеттері күшті заттар

 

Берілген ферромагнетиктерге арналған белгілі бір температурадан артық температурада, оның ферромагнетиктік қасиеттері жойылады. Бұл температураны осы құбылысты ашқан француз ғалымының атымен Кюри температурасы деп атайды. Темір үшін Кюри температурасы \(753^\circ C\), никель үшін \(365^\circ C,\) кобальт үшін \(1000^\circ C\) Ферромагнетиктердің магниттік қасиеттерің жан-жақты зерттеген орыстың ғалымы физик А. Г. Столетов.



Сұрақтар
  1. Ішіндегі өрісінің индукциясы – \(2\) мТл, көлденең қимасының ауданы – \(200\) см\(^2\), соленоидқа болат өзекшені енгізгендегі магнит ағыны

    (\(\mu_{болат}=\)\(8000\))

  2. Ортаның магниттік өтімділігі анықталатын формула

  3. Магнит өтімділігі \(μ<1\)  заттар

  4. Тогы бар катушканың ішіне темір өзекше енгізгенде магнитіңт индукция векторының шамасы

  5. Егер ферромагнетикті Кюри температурасынан жоғары температураға дейін қыздырса

  6. Заттың магниттік қасиеттерінің қандай түрлері бар?

  7. Заттардағы магнит өрісі өзгеріп отыратын магнетиктердің бөліктері

Қате туралы хабарландыру