Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Зат есімнің жұрнақтары / Suffixes of noun

Конспект

Ағылшын тілінде сөзжасамның бірнеше түрі бар.

1.Ешқандай өзгеріссіз жасалатын сөздер. Олар айтылуында да, жазылуында да зат есім және етістік, сын есім және етістік бола алады.

Мысалы: answer - жауап, to answer - жауап беру, dirty - кір, лас, to dirty – кірлету, free - бос, to free - босату, walk - серуен, to walk - серуендеу.

2.Екпіннің өзгеруінің көмегімен жасалатын сөзжасамдар бар.

Мысалы: ‘transport - көлік, to trans’port - тасу, ‘import - импорт, to im’port – импорттау.

3.Әріптің өзгеруінің көмегімен жасалатын сөздер.

Мысалы: woman – women, advice – advise, proof – prove.

4.Жұрнақтар мен префикстердің көмегімен жасалатын сөздер бар.

Префикстер сөздің басында, ал суффикстер сөздің соңында келеді.Суффикстер бір сөз табынан екінші сөз табын жасай алады.

Зат есімнің бірнеше жұрнақтары бар. – ability, - ibility: possibility, - age: passage, - al: arrival, -ance, - ence: importance, difference, - dom: freedom, - ee, -er, -or: teacher, doctor, - hood: childhood, - ian: historian, - ion, - ation, - tion, - sion, - ssion: collection, production, submission, - ism: tourism, - ist: artist, terrorist, - ment: agreement, government, - ness: oldness, darkness, - our: colour, - ship: friendship, - th: depth, - ty: safety, -ure, ture: creature, departure, mixture.

Ағылшын тілінде зат есім сияқты сын есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар бар. Мысалы : сын есім жұрнақтары - ance, - ence, -ant, - ent, important - маңызды, importance маңыздылық, - dom, wise – данышпан , wisdom - даналық, - ness, dark - қараңғы, darkness,- қараңғылық - ty, active - белсенді, белсенділік – activity.



Сұрақтар
  1. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. employ

  2. Зат есім жасайтын жұрнақ.

  3. Сәйкес келетін жұрнақты қой. Child

  4. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. leader

  5. Зат есім тудырушы жұрнақ.

  6. Зат есімді тап.

  7. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. invent

  8. Етістіктен жасалған зат есімді табыңыз.

  9. Зат есім жұрнағын көрсет.

  10. Жұрнақтың көмегімен зат есім жаса. translate

Қате туралы хабарландыру