Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

XI тарау. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Жоғарғы Кеңес және 1993 жылғы Конституция

Конспект

1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХII шақырылымының құрамы заң шығарумен тұрақты айналыса бастады. 1992 жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” және “Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы”, желтоқсанда “Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы” заңдар қабылданды.

1992 жылы 2 шілдеде “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Сонымен Қазақстанда үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында Әнұран бекітілді.

1992 жылдың тамызында “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” заң шықты. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар шығарды.

1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады. Конституцияда негізгі мəселелерге ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, біртұтас мемлекет деп атап көрсетілген. Ұлттық, унитарлы мемлекеттің бұлжымастығы қуатталды. Қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. Республика жері – біртұтас, ол бөлінбейді жəне оған қол сұғуға болмайды. Халық – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге Республика Жоғарғы Кеңесінің жəне Президенттің құқығы бар. Республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иесі болу құқығы берілді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы бола алмайды. Шетелде тұратын қазақтарға тарихи отанына оралуға жол ашылды. 1993 жылғы Конституция екі жыл бойы Республиканың Негізгі заңы ретіндегі тарихи міндетін атқарды.

1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады. Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет мəлімдеді. 1993 жылғы қараша айының соңына дейін 100-ге жуық кеңестер таратылды. Бұдан былайғы кезеңде мәжілістерін өткізуге жергілікті кворумның болмайтындығын білген соң, 1993 жылғы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Əбділдин оның таратылғанын ресми түрде жариялады. Республиканың жаңа парламенті сайлағанша мемлекетті басқару өкілеттігі Президентке тапсырылды.



Сұрақтар
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясында орыс тілін мәртебесі:

  2. “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы жарыққа шықты:

  3. Қазақстан Республикасының әнұранының мәтіні бекітілді:

  4. 1993 жылдың қараша айының соңына дейін өздерін таратқан кеңестердің саны:

  5. Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілін мәртебесі:

  6. Жоғарғы Кеңес таратылған соң, жаңа Парламент сайланғанша мемлекеттi басқару өкiлеттiгi тапсырылды:

  7. Жоғарғы Кеңестің 4 жылға жуық уақыт ішінде шығарған заңдары мен құжаттары:

  8. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қабылданды:

  9. Конституция бойынша халық атынан билік жүргізу құқығы берілген:

  10. Жоғарғы Кеңестің таратылғаны ресми түрде жарияланды:

  11. 1992 жылы шілдеде қабылданған заң(-дар), қаулы(-лар):

  12. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген партия (-лар)

Қате туралы хабарландыру