Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VII тарау. Иммунитет, қан құю, қан топтары

Конспект

Иммунитет (латынша «іmmunіtas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға (лейкоциттер) ғана байланысты емес.

 

Иммунитет – табиғи және жасанды деп 2-ге бөлінеді.

 

Табиғи иммунитет (ағзаның өзінде түзілген) – туа біткен иммунитет. Ата-анасынан беріледі, тұқым қуалайды, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Табиғи иммунитеттің екінші түрі – жүре пайда болған иммунитет. Бұл қандай да болмасын бір аурумен ауырғаннан кейін қалыптасады. Мысалы, жас кезінде қызылшамен ауырған адам енді қайтып ауырмайды. Себебі, қанда қызылшаға тән қарсыдене түзіледі. Қарсыденелер ұзақ сақталатындықтан, ағза бір аурумен қайталап ауырмайды.

 

Жасанды иммунитетті егу арқылы қалыптастыруға болады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактериялардың әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Ағзада қарсыдене пайда болып, жасанды иммунитет қалыптасады. Ауырған адамдарға тезірек көмектесу үшін құрамында дайын қарсыденесі бар ауру малдың қанының сарысуын егеді. Сарысуды малдың (сиыр, жылқы) қанынан дайындайды. Малдарға мөлшерін біртіндеп көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Малдың қанында қарсыденелер жинақтала бастайды. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалар мен фибриноген нәруызынан бөліп, емдік сарысу алады.

 

Эдуард Дженнер(1749–1823 )

Шешекке қарсы егуді алғашрет қолданған ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер.

 

Қан топтары. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Қан беретін адамды – донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recіpіens» – қабылдаушы) дейді. Қаны І топқа жататын адамдардың қанын барлық топқа (І, ІІ, ІІІ, ІV) аз мөлшерде (200–300 мл) құюға болады. ІІ топқа жататындардың қанын ІІ және ІV топқа береді. ІІІ топтағылардың қанын ІІІ, ІV топқа, ал ІV топтағылардікін ІV топқа құюға болады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

 

Резус-фактор (Rh – фактор) – адам мен макака-резус (масасus rhesus) маймылының қанында (эритроциттерінде) болатын ерекше нәруыз. Резус-фактор деп аталу себебі бұл нәруыз алғаш рет макака-резус маймылының қанынан табылған. Резус-фактор ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өмір бойы өзгермейді. Егер резус-фактор қанда болмаса – «теріс Rh», болса – «оң Rh» делінеді

 

Иммундық жүйе – ағзаның қорғаныш қамалы

Адам ағзасының микробтарға, түрлі ауруларға қарсы тұруы иммундық жүйе арқылы жүзеге асады. Сондықтан қазіргі кезде иммундық жүйенің атқаратын қызметіне ерекше көңіл бөлінуде. Дүние жүзінде соңғы уақыттарда кеңінен таралған ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ауру белгісі де иммундық жүйемен байланысты. Бұл ауру көпшілікке СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита) деген атпен белгілі.

 

Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады (лимфа жүйесін естеріңе түсіріңдер). Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады да, әрі биологиялық, әрі механикалық сүзгінің қызметін атқарады. Лимфа түйіндері қызғылт-сұр түсті.

 

Көкбауыр – құрсақ қуысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9–11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10–14 см, ені 6–10 см, қалыңдығы 3–4 см, салмағы 150–200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі, әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады.



Сұрақтар
  1. Иммунитеттің негізін салған ғалым
  2. Шешекке қарсы егуді алғаш рет қолданған ағылшын дәрігері
  3. Қан беретін адам
  4. Адаммен макака-резус (масасus rhesus) маймылының қанында (эритроциттерінде) болатын ерекше нәруыз
  5. Омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі
  6. Қаны ІI топқа жататын адамдардың қанын құяды?

  7. Иммуноглобулиндерді?

  8. Қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз?

  9. Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы ауруы?

  10. Қаны І топқа жататын адамдардың қанын қай топқа құюға болады?

  11. Шешесінің қаны I топ, әкесінікі IY топ болса, балаларының қаны нешінші топ болады?

  12. Гуморальдық иммунитетке жауапты В-лимфоциттер түзіледі

  13. Жасушалық иммунитетті қалыптастыратын Т-лимфоциттер түзіліп жетіледі

  14. Көкбауыр  

Қате туралы хабарландыру