Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Табиғи агробірлестіктерге сипаттама. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері

Конспект

Биоценоз деп – тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің, бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз. Оларды кейде экологиялық топтар деп те атайды. Олардаң мекен ететін жерлері: Теңіз, көл, тау, дала, шөл, орман т.б. болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне,белгілі бір ортаға бейімделуіне,осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын “Биоценоз” деген терминді экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы: Шырша биоценозы,шөлді жердегі шөптесін биоценозы, бетегелі дала биоценозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады.Сонымен бірге біз тек,өскен өсімдіктерді ған атап отырғанымыз жоқ, соған қоса осы мекенді тіршілік ететін басқа да тірі организмдерді айтамыз. Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады. Мысалы: су жағасындағы құмда не батпақты топырақтар биоценозы, деп аталады. Биоценоз жағдайында барлық организмдер жинақталып, сол аймақтың биотасын қалыптастырады. Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі. Биота – автотрофты және гетеретрофты организмдерден құралған.

 

Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардағы түрлердің санын бөліп қана қоймай,әр түрлердің, жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.

1-сурет Табиғи биоценоздар

2-сурет теңіз түбіндегі биоценоз

 

Биоценоз жағдайында барлық организмдер жинақталып, сол аймақтың биотасын қалыптастырады. Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі. Биота – автотрофты және гетеретрофты организмдерден құралған. Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардағы түрлердің санын бөліп қана қоймай,әр түрлердің, жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.

 

Агроценоз – табиғи биоценоздың орнын мәдени өсімдіктерді өсіру мақсатымен құрылған биоценоз. Бұл биоценозды қалыптастыру барысында адам баласы агротехникаларды пайдаланып, оның табиғи құрауыштарын, фаунасы мен флорасын түбегейлі өзгертіп жіберді.Оның үстіне мол өнім алу үшін бұл алқаптарды қосымша суарып, тыңайтқыштар беріп, ауылшаруашылығы зиянкестерімен, арам шөптермен күресу үшін химиялық улы заттарды пайдаланды.

 

1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.

 

Ғалымдардың деректері бойынша Қазақстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.

 

Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен көптеп ластануы адамзатты көбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор нұқсан келді.

 

Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен. Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Австралия жерінде жабайы қояндардың көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.

 

Арал теңізінің көлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш көлінің көлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда.

 

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты қамтиды. Семей полигонында 1949-1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да, халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр.

 

Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН-350" деп аталады. Онда тәулігіне 120-150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады.

 

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырақ, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

 

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жатқызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.



Сұрақтар
  1. Ұзақ  жылдар бойы қалыптасып және уақытқа байланысты өзгеріп отыратын табиғи бірлестік:

  2. Биоценоз жағдайында барлық организмдер жинақталып, сол аймақтың -

  3. Табиғи  биоценоздың орнын мәдени өсімдіктерді өсіру мақсатымен құрылған биоценоз -

  4. Тың  және тыңайған жерлерді игеру басталған жыл:

  5. 1986 жылы сәуір айында экологиялық апат болған қала:
  6. Адамның орманды пайдалануы нәтижесінде аң мен құстан айрылуы қай әсерге жатады?

  7. Зиянкестермен күресу үшін улы химикаттарды пайдалану қай әсерге жатады?

  8. Агроценоздардың неше типі бар?

  9. Табиғи биоценозда қандай энергия қолданылады?

  10. Антропогендік фактор бағытын белгілеңіз:

Қате туралы хабарландыру