Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Экологиялық апаттың жалпы сипаты

Конспект

Табиғи сипаттағы апаттар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну Ашғабатта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде ( 1995 ж), Түркияда (2000 ж), т.б. жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс әрекетінен де болады, мысалы, атом бомбасын сынау, т.б.

Жапониядағы жерсілкінісі кезіндегі толқындардың Тынық мұхитында таралуы (2011)

1906 жылы АҚШ-та Сан-Францискода болған қатерлі жерсілкінісінің зардаптары

Цунами болып өткен аймақ

 

Сел тасқындары мен қар көшкіндері өздерінің сипаттамалары, пайда болу аудандары, қалыптасуы, қозғалуы, инженерлік құрылыстар мен қоршаған ортаға әсер етуі бойынша ұқсас табиғи құбылыстар болып табылады. Сел тасқындары да, қар көшкіндері де өсімдігі аз тау баурайларында пайда болады, тасқындар қалыптасып, енсіз шатқал бойымен ескі немесе ағып жатқан өзен арналарымен жылжып, аңғарға шығатын жерде бірте-бірте басылады.

 

Көшкіндер - ауырлық күші әсерінен беткей бойымен тау жыныс массасының төменге қарай жылжуы. Көшкіндер жер асты сулары немесе жауын-шашынның тау жыныстарының тепе-теңдігін бұзу нәтижесінде пайда болады.

Олар ауыл шаруашылығы алқаптарын, өндірістер мен елді мекендерді көп шығынға әкеліп соқтырады. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы

Қар көшкіні

 

Жанартаулар атқылау. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы, өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шаруашылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады.жанартаулар атқылау кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін.

Жанартау атқылауы

 

Су тасу апаты. Су тасу – теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық , Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. Ал фаунасы мен флорасы лай су астында қалып, тіршілік мекендері бұзылып, жаппай қырылып қалуы мүмкін.

 

Соңғы жылдары Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі салдарынан оның жағалауындағы мұнай ұңғымаларын, мұнай қоймаларын, жолдар мен елді мекендерді, мұнай өңдейтін зауыттарды су басып қалып, мұнай өнімдері теңіз суына араласып, табиғатқа үлкен экологиялық апат әкелді.

Атмосфера алабында да төтенше жағдайлар болып тұрады оларға дауылдар, құйындар мен күшті желдер, т.б. жатады.

Су тасқаны

 

Дауылдар ауа қысымының әсерінен пайда болып, жер бетіне күшті желдер тудырады. Ал борандар қарлы, шаңды, жауын-шашынды болып ауыл шаруашылығына ( бау-бақшаға, егістікке), ғимараттарға, табиғи биоценоздарға көп шығын келтіреді. Дауылдар мен борандар қазақстанның оңтүстік , оңтүстік – шығыс, орталық аймақтарында жиі болып тұрады.

 

Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның әрекеті.

 

Өрттер. Жер шарында қуаңшылық жылдары Африка, Аустралия, Орта Азия, т.б. жерлерде жиі болып тұратын өрт – өте қауіпті табиғат апаты. Ол көбінесе адамның әрекетінен болады. Табиғи өрттердің көзі – найзағай.

 

Орманда болатын өрттер өте қауіпті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында таулы ормандарда өрт жиі болуда оның себебі, демалушылардың жауапсыздығы. Сондықтан әрбір азамат, туристер тобы орман – тоғайларда демалғанда «Өрт қауіпсіздігі» ережесін бұлжытпай орындауға міндетті. Арнай өрт қоюшылар біздің елімізде және басқа елдерде де қатаң жауапқа тартылады.

 

Аталған төтенше жағдайлардан басқа адамның тікелей іс-әрекетінен болатын апаттар да бар.

1. Автокөліктер апаты жол тәртібін, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда әртүрлі жолдар бойында ( теңіз, темір және тас жолдар, т.б.) болады.

 

2. Ұшақтар апаты. Жолаушы, жүк тасымалдау, ғылыми мақсаттар, сынақ кезінде ұшақ, тікұшақ, ғарыштық зымырандар, реактивті ұшақтар апат болуы мүмкін. Бұл апаттар аумақты жерлерді қамтып, табиғатқа әртүрлі деңгейде шығын әкеледі. Әсіресе Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын ғарыш кемелері мен Жер серіктерінде болатын апаттардың қаупі ерекше. Мысалы, 1999 жылғы «Протон», 2006 жылғы «Днепр» ғарыш зымырандарының апаты кезінде қазақ жеріне зор зиян келтіргені белгілі.

 

3. Өнеркәсіп орындарындағы апаттар. Бұл апаттар технологиялық процестердің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережесін сақтамау, техниканың ескілігі салдарынан болады. Әсіресе химия, мұнай, уран, атом энергиясын өндіретін өнеркәсіптердегі апаттар өте қауіпті. Олардан ауаға, суға, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарылып, бүкіл тіршілік атаулыны жоюы мүмкін.

Аталған экологиялық апат түрлері көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап, қоршаған ортаға орны толмайтын шығын әкеледі. Нәтижесінде, ауа, су, топырақ ластанып, ең бастысы адам баласы зардап шегеді. Төтенше жағдайларды болдырмау, теріс әрекеттерге жол бермеу, бұзылған жерлерді сауықтыру бүкілхалықтық мемлекеттік және қоғамдық игі істер болып табылады.



Сұрақтар
  1. Табиғи сипаттағы апаттарға жатады:
  2. Жер  қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы:
  3. Ауырлық  күші әсерінен беткей бойымен тау жыныс массасының төменге қарай жылжуы:
  4. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы:
  5. Теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы:
  6. Ауа  қысымының әсерінен пайда болып, жер бетінде күшті желдерді тудырады:
  7. Ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы:

  8. Өзімен бірге балшық, тас, қоқыстарды ағызып, жолындағының бәрін бұзып өтетін не?

  9. Жер шарында қуаңшылық жерлерде жиі болып тұратын табиғат апаты:

  10. Техника  қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан болатын апат:
Қате туралы хабарландыру