Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Сезім мүшелері. Көздің құрылысы. Алыстан және жақыннан көргіштік

Конспект

Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі – құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі – тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ – тек дыбысты, көз – тек жарықты және т. б.

 

Анализатор. Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырату қабілеті жоғалады (жойылады).

 

Көздің құрылысы.Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80–90% астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықшадан тұратын шар тәрізді мүше.

 

1-сурет. Көздің құрылысы: а) көздің құрылысы және қосымша аппараттары: 1 – қас; 2 – қабақ; 3 – ақ қабықша; 4 – нұрлы қабықша; 5 – көз қарашығы;

 

 

Көз алмасының сызбанұсқасы:

Сыртқы қабықшасы – қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша. Бұл қабықша көз алмасының артқы бөлігін қаптап тұрады. Ақ қабықшаның алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңесқасаң қабықшаға айналады. Ақ қабықша көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.

 

Ортаңғы қабықшасы – қантамырларына бай тамырлы қабықша. Бұл қабықшада қантамырлары көп болғандықтан көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықшаның алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабықшаға айналған. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік – көз қарашығы деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықшада болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.



Сұрақтар
  1. Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын И.П.Павлов:
  2. Адамдағы сезім мүшелері:

  3. Қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша:
  4. Қантамырларына бай тамырлы қабықша:
  5. Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене:
  6. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер?

  7. Самай аймағында?

  8. Анализаторлар қандай буындардан тұрады?

  9. Қарашықтың жарқыраған жарықтан тарылып,ал қараңғыда ұлғаю құбылысы?

  10. Көз алмасы қандай қабықтардан тұрады?

  11. Омыртқалылардың сезім мүшесі

Қате туралы хабарландыру