Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Приматтар және адам эволюциясының негізгі кезеңдері

Конспект

 

Приматтар - жоғары сатыдағы сүтқоректілер отряды. Бұлардың арғы тегі қарапайым жәндікқоректі сүтқоректілер деп есептелінеді. Приматтар ми сауытының үлкен болуымен, ми сыңарларының жақсы жетілуімен, ми сайшалары мен қыртыстарының көп болуымен, күрделі мінез-құлығымен ерекшеленеді. Приматтар өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Қорегі — өсімдік жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса жәндікқоректілер.

 

Приматтардың бір тармағынан адам тәрізді маймылдардың ата тегі –парапитектер шыққан. Адамның ағаш үстінде тіршілік ететін маймылдардан шығуы, оның құрылысының ерекшеліктерін алдын ала анықтады, ал бұл өз ретінде оның еңбекке қабілеттігі мен одан кейінгі әлеуметтік эволюциясының анатомиялық негізі болды.

 

Дриопитектер – бұдан 25 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы. Олар көбінесе ағаш басында, кейде жерге түсіп те тіршілік еткен. Кеіннен дриопитектерден қазіргі адамтектес маймылдар мен адамдардың ежелгі арғы тегі бөлінген. Дриопитектерден адамның өз алдына жеке тұқымдас ретінде бөлінуі антропогенездің жаңа кезеңі болып саналады. Адамдар тұқымдасының ежелгі өкілдерін кей ғалымдар адамтектес маймылдар мен адамдардың арасындағы аралық түр деп санайды. Адамдар тұқымдасының ежелгі түрлерінің дене құрылысында адамтектес маймылдарға да, адамға да тән белгілер кездеседі.

 

Дриопитектрге туыстық жақын түрлерге ромапитектер мен сивапитектер жатады. Олардың қаңқа қалдықтары үнді жерінен, оңтүстік африкадан, еуропадан табылған. Ромапитектер бұдан 14-8 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Кейбір ғалымдар оларды адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік иелері деп санайды. Олар көбіне ашық жерлерде, екі аяғымен тік жүріп өмір сүрген.

 

Архантроптардың бір тобы – синантроптар Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды.

 

Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеонтроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Жалпы алғанда ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл-ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылған.

 

Осы замаңғы алғашқы адамдар. Оларды ғылым тілінде қазба түрдегі неоантроптар немесе көпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп те атайды. Өйткені бұл кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары бұдан 50-30 мың жыл бұрын өмір сүрген. Бұл кезеңде өмір сүрген адамдардың мекенжайлары Қазақстанның да көптеген жерлерінен табылды.

 

Неонтроптардың бойының ұзындығы 170-180 см, 30-40 жыл өмір сүрген. Бас сүйегіндігі ми сауытының көлемі шамамен 1400-1600 см3. Алдыңғы ми сыңарларының самай және маңдай бөлімдері өте жақсы дамыған. Маңдай сүйегі алға шығыңқы келген, көз шарасы үлкен, сүйектері қалың, иегі айқын білінеді.Бас сүйегі онша биік емес. Неоантроптар өздеріне баспана салып, сонда тұрған. Олар негізінен етті тағамдарды қөбірек пайдаланған. Қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі – кроманьон адамдары өз тама- ғын аң аулау және өсімдіктерді жинау арқылы тауып отырған.Саналы адам бұдан 35-40 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі адамдардың қаңқа қалдықтары Антарктидадан басқа құрлықтардың бәрінен табылған. Олардың дене құрылысында қазіргі адамдардан айырмашылығы жоқ.



Сұрақтар
  1. Кроманьондардың бойының ұзындығы:
  2. Осы замаңғы адамдар мен алғашқы адамдарды байланыстырушы буын:
  3. Ертедегі адамдарды ғылыми тілде:  
  4. Архантроптардың бір тобы:
  5. Дриопитектрге туыстық жақын түрлер:
  6. Бұдан 25 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы:
  7. Адам тәрізді маймылдардың ата тегі:
  8. Жоғары сатыдағы сүтқоректілер отряды:
  9. Қытай жерінен табылған ежелгі адам?

  10. Антропологиялық деректер бойынша гейдельберг ежелгі адамның табылған жері?

Қате туралы хабарландыру