Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары. Абиотикалық факторлар

Конспект

Орта факторлары дегеніміз – организмге тікелей немесе жанама әсер ететін табиғаттың нақты құрауыштары мен қолайлы жағдайлар жиынтығы. Факторлардың әсер ету қарқыны немесе организмнің тіршілігіне әсер ету деңгейі болады. Әсер етудің үш негізгі деңгейі бар. Олар минимум, максимум және оптимум. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қа­жет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948 ж .) ашқан.

Минимум – организмге әсер ететін факторлардың ең төменгі деңгейі, одан әрі тіршілік тоқтайды.

Максимум – организмге әсер етуші факторлардың ең жоғарғы деңгейі, одан әрі тіршілік тоқтайды.

Оптимум – организмге әсер ететін факторлардың ең қолайлы деңгейі. Бұл деңгейде организм еркін өсіп-өніп көбейеді, ұрпағын жалғастырады.

 

Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін қажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.

Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.

 

Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.

 

Температура - экологиялық фактор.Дене температурасының сипатына қарай барлық организмдерді екіге топтайды: пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді өзгеріп отырады) және гомойтермді (дене температурасы тұрақты организмдер).

 

Пойкилотермді топқа барлық омыртқасыздар, омыртқалылардан балықтар, қосмекенділер және бауырменжорғалаушылар жатады.

 

Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер жатады. Бұл организмдер қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын реттеп отырады.

 

Ылғал. Ылғал да экологиялық факторлар ретінде организмге әсер етеді. Ылғал көбіне климатқа, құрлықтың температуралық белдеулеріне табиғат белдемдеріне байланысты болады. Кейбір жағдайда ылғал шектеуші фактор рөлін атқарады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары былай жіктеледі.

  1. Ксерофиттерге ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер жатады. Ксерофиттердің жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген (сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, т.б. жатады).
  2. Суккуленттер (шырынды, шырын жапырақ өсімдіктер)- ксерофиттер типі. Олардың жапырақтары сабақтары етженді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған, мысалы, алоэ, агава, кактус т.б.
  3. Мезофиттер – ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ; ылғалы жеткілікті топырақты өсімдіктер. Мысалы, беде, атқонақ, інжугүл т.б.
  4. Гигрофиттер – төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін өсімдіктер. Оларға эллодея, балдырлар т.б. жатады.

Геофильдер - тіршіліктің біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзын аяқтылар, масалар, т.б. жатады. Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады. Топырақ түзу процесінде жоғары сатыдағы өсімдіктердің де өзіндік үлесі мол. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі арқылы органикалық заттардың қорын жасаса, ал олардың шіріген қалдықтары топыраққа қайта оралып қарашірікті молайтады. Осы­лайша: "топырақ-өсімдік-жануар-топырақ" жүйесі бойынша табиғатта зат және энергия айналымы үздіксіз жүріп отырады.



Сұрақтар
  1. Организмге тікелей немесе жанама әсер ететін табиғаттың қолайлы жағдайлар жиынтығы:
  2. Организмге  әсер ететін факторлардың ең төменгі деңгейі:
  3. Организмге  әсер ететін факторлардың ең жоғарғы деңгейі:
  4. Организмге  әсер ететін факторлардың ең қолайлы деңгейі:
  5. Организмдерге  әсер ететін өлі табиғат факторлары:
  6. Барлық омыртқасыздар, омыртқалылардан балықтар, қосмекенділер және бауырменжорғалаушылар жататын  топ:
  7. Құстар  мен сүтқоректілер жататын  топ:
  8. Ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер жататын топты анықта:
  9. Шырынды, шырын жапырақ өсімдіктер жататын топты анықта:
  10. Ксерофиттер  мен гигрофиттер арасындағы аралық топ:
  11. Төменгі  бөлігі суда болатын және грунтқа бекініп өсетін өсімдіктер жатады:
  12. Тіршіліктің  біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер жататын топ:
  13. Ксерофиттер тобына жататын өсімдік (-тер)

  14. Суккуленттер тобына жататын өсімдік (-тер)

  15. Гидрофиттер тобына жататын өсімдік (-тер)

  16. Пойкилотермді организмдер

  17. Төменгі бөлігі грунтқа бекініп өсетін, гидрофиттер тобына жататын өсімдік (-тер)

Қате туралы хабарландыру