Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Организмдердің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу сипаттары

Конспект

Энергиясы бар экожүйенің ішінде органикалық заттар автотрофты ағзалармен түзіліп, гетеретрофтар үшін қорек көзі болып табылады. Қарапайым мысал: жануар өсімдікті жейді. Бұл жануарды кезегінде басқа жануар жеуі мүмкін, келесісі оған шикізат пен энергия беретін алдыңғысымен қоректенеді. Мұндай бірізділік қоректік тізбек деп аталады.

 

1. Продуценттер (түзуші, өндіруші; түзушілер) - автотрофтар, яғни бейорганикалық заттардан органикалық зат құрушылар. Олар өздеріне қажетті органикалық заттарды Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан өздігінен өндіре алатын тірі оргнизм. Бұл өнімдер кезектегі барлық организмдердің қорегі болып табылады. Оларға жасыл өсімдіктер, балдырлар мен хемосинтездеуші бактериялар жатады. Су экожүйелерінде басты продуценттер мұхиттар мен көлдердің үстіңгі қабатының фитопланктонын құрайтындар көбінесе ұсақ болып келетін бір жасушалы ағзалар – балдырлар болып табылады. Құрлықта өнімнің басым бөлігін жалаңаш тұқымдастар мен жабық тұқымдыларға жататын дене құрылысы жоғарырақ түрлер құрайды. Олар ормандар мен далаларда ұшырасады.

 

2. Консументтер (латын тілінен аударғанда consumo-пайдалану, тұтыну) - бұлар гетеретрофты организмдер, яғни дайын органикалық затпен қоректенетіндер. Бұларға жануарлар, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі, паразит өсімдіктер жатады. Консументтер өз кезегінде қоректік тізбектер жүйесін құрайды. 1 топтар - бірінші реттік консументтерге (қоян, қой, ешкі), бұлар органикалық затты жануартекті қоректік заттарға айналдырады.

 

Екінші реттік консументтерге (зоофагтар) – жануарлармен қоректенетін организмдер, жыртқыштар. Консументтің тағы бір маңызды тобына детритофагтар немесе сапрофактар - өлі органикалық заттармен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінен пайда болған қалдықтармен қоректенетіндер (құрттар, бунақ аяқтылар) жатады. Жалпы консументтер экожүйенінің қоректі тізбектерінде тұтынушылар тобын құрайды.

 

3. Редуценттер (лат. Reducentіs- қалпына келтіруші), ыдыратушылар - өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын гетеротрофты организмдер. Редуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері. Сулы ортада тіршілік ететін редуценттер судың биологиялық тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады. Саңырауқұлақтар негізінде өсімдіктердің клеткалардың, ал бактериялар жануарлар өлекселерінің ыдыратуға қатысады.

 

Организмдердің тағы бір ерекше қасиеті – оның өнімділігі. Өнімділік дегеніміз-белгілі бір аумақта нақты көлем бірлігіндегі популяциялардың өнімділігінің биомассасы.

1.Сандар пирамидасы (м/даралар саны) әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді.Орманың жайылымдылық қоректік тізбегінде, продуцент – ағаш, ал бірінші ретті консумент – бунақденелілер болғанда, бірінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады.

2. Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды (органикалық заттардың құрғақ массасы г/м). Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.

3. Энергия пирамидасы ( Дж/м жыл) гетеретрофтық деңгейлердегі энергия ағымының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергиялық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия өнімдері есепке алынуы керек.

 

Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену тізбегін түзеді. Әр өндірушіде (продуцент) бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полифактар (грек тілінен аударғанда роly – көп) яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады.

 

Көптеген түрлер әр түрлі қоректік тізбектерге кіруі және әр түрлі орында болуы мүмкін. Мысалы, аюлар өсімдіктермен де, жануарлармен де, өлекселермен де қоректенеді. Олар трофтық қатынастармен, көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерімен байланысқан.



Сұрақтар
  1. Продуценттер:
  2. Дайын  органикалық затпен қоректенетіндер:

  3. Екінші реттік консументтерге жатады:

  4. Қалпына келтіруші гетеротрофты организмдер:

  5. Редуценттерге жататын организмдер:
  6. Төмендегілердің ішінен автотрофтыларды табыңыз:

  7. Өсімдік қалдықтарымен қоректенетін редуценттер:

  8. Табиғаттағы заттар және энергия айналымы не арқылы жүріп отырады?

  9. Белгілі бір аумақта нақты көлем бірлігіндегі популяциялардың өнімділігінің биомассасы:

  10. Жалпы өнім неге тең?

Қате туралы хабарландыру