Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Конспект

Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.

 

Үндестік заңының екі түрі бар:

1) буын үндестігі;

2) дыбыс үндестігі.

 

Буын үндестігітүбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болатын болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.

 

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;

-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;

-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;

-хана – емхана, дәріхана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;

-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);

бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.

 

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;

біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;

тіркес сөздер: келе жатыр, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.



Сұрақтар
  1. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы қатарды көрсетіңіз.

  2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  3. Буын үндестігі сақталмаған сөзді ажыратыңыз.

  4. Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.

  5. Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.

  6. Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.

  7. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

  9. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны анықтаңыз.

  10. Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

  11. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзді анықтаңыз.

  12. Буын үндестігіне сай жазылған сөзді табыңыз.

  13. Тұйық етістік жұрнағымен жазылғанда өзгеріске ұшырайтын қатарды белгілеңіз.

  14. Айтылуы мен жазылуында өзгешелік бар сөзді ажыратыңыз.

  15. Айтылуы мен жазылуында өзгешелік бар сөзді белгілеңіз.

  16. Буын үндестігіне сай жазылған сөзді табыңыз.

  17. Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді анықтаңыз.

  18. Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді көрсетіңіз.

  19. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзі бар сөйлемді табыңыз.

  20. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбай жалғанады.

  21. Көп нүктенің орнына қойылатын буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз. Дәрі...

  22. -ов, -евке біткен сөздерге қосымша қалай жалғанатынын көрсетіңіз.

  23. Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.

  24. Сингармонизм заңына бағынбай жасалған күрделі сөздер қатарын көрсетіңіз.

  25. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз.

  26. Буын үндестігіне бағынбай жасалған сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  27. Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымша жалғанған сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  28. Буын үндестігіне бағынбай жасалған ойын атын көрсетіңіз.

  29. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша түрін көрсетіңіз.

  30. Сингармонизм заңына бағынбай жасалған қос сөзді көрсетіңіз.

  31. Сингармонизм заңына бағынбай жасалған біріккен сөзді табыңыз.

  32. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

  33. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  34. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді көрсетіңіз.

  35. Буын үндестігі қандай дыбыстарға негізделетінін табыңыз.

  36. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.

  37. Буын үндестігі екінші сөзбен қалай аталатынын көрсетіңіз.

  38. Қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.

  39. Үндестік заңы бойынша қосымшасы дұрыс жалғанбаған сөзді белгілеңіз.

  40. Үндестік заңының неше түрі барын көрсетіңіз.

  41. Үндестік заңы бойынша қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз.

  42. Үндестік заңы дегеніміз не екенін табыңыз.

  43. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз.

  44. Үндестік заңына сай сөзді белгілеңіз.

  45. Кейінді ықпалды табыңыз.

  46. Буын үндестігі сақталмаған сөзді белгілеңіз.

  47. Буын үндестігіне бағынбайтын жалғау қатарын белгілеңіз.

  48. Буын үндестігі сақталмаған сөзді ажыратыңыз.

  49. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.

  50. Тіл үндестігіне бағынбайтын сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру