Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

Конспект

Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.

1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды.

Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.

Ұйғыр, дүнген халықтарының Ресей құрамында өркендеп, дамуы осынау көне мәдениетке жаңа мазмұн берді.



Сұрақтар
  1. 1881-1884 жылдар аралығында ұйғырлар мен дүнгендердің жер аудару себебі:

  2. Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға жер аударылды:

  3. 1881-1884 жылдар аралығында Жетісуға жер аударған дүнгендер саны:

  4. 1862-1877 жылдарында ұйғырлар мен дүнгендер қарсы шықты:

  5. Алматы облысында ұйғыр болысы ұйымдастырылды:

  6. Санақ бойынша ұйғырлар саны – 55 999, ал дүнгендер – 14 136 болды:

  7. Ұйғыр халқының музыка өнері жөнінде ой-пікірлерін айтқан ғалым-саяхатшылар:

  8. Әрбір дүнгенге берілген жер көлемі:

  9. 1881-1884 жылдары Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар саны:

  10. Кімдерр 1862-1877 жылдары азаттық күреске шықты:

  11. Ұйғырлардың ұлттық музыкалық өнері, биі жайында жазған саяхатшы ғалым:

  12. XIX ғасырдың 70-80 жылдарында Қытайдан Жетісуға қоныс аудара бастады

  13. Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, әні мен биі жөнінде терең ой-пікірлерін ортаға салған ғалым-саяхатшылар кім?

Қате туралы хабарландыру