Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Төл сөз бен төлеу сөз / Direct and indirect speech/ Reported Speech

Конспект

Біреудің сөзін дәл, айна - қатесіз жеткізу төл сөз деп аталады. Ал біреудің сөзін тура емес, мазмұнымен жеткізу төлеу сөз деп аталады.

Төл сөз / direct speech. Мысалы: “ I go to school every day” – she said.

Төлеу сөз / Indirect speech. Мысалы: “ She says she goes to school every day”

Төл сөз автордың сөзін тікелей , өзгеріссіз жеткізеді . Ex: My friend says “ I have bought a new dress today”. Ал төлеу сөз түсіндіру арқылы мазмұнында жіктеу есімдігін өзгерту арқылы жеткізеді.

Мысалы: My friend says she has bought a new dress today.

Төл сөзді сөйлемді төлеу сөзді сөйлемге аударғанда, сөйлем түрлеріне байланысты бірқатар ережелер бар. Әрекеттің мекені мен мезгілін білдіретін бірқатар сөздерді төл сөзден төлеу сөзге аударғанда, басқа сөздермен алмасады.

 

Төл сөз

Төлеу сөз

here

this, these

now

today

yesterday

ago

tomorrow

there

that, those

then

that day

the day before

before

next day

 

Егерде төл сөз лепті сөйлеммен келсе, төлеу сөзге ауысқанда бұйрық рай инфинитив болады. Мысалы: Dina says to her little sister «don’t play in the street”. 2. Dina tells her sister not to play in the street.

Төл сөз жай сөйлеммен келгенде , төлеу сөзге ауысқанда түсінікті болу үшін шылау that қолданылады, кейде that түсіп қалуы да мүмкін.

Мысалы: She says “ You may go to the cinema, today”.

2. She says (that )I may go to the cinema, today.

Төл сөз сұраулы сөйлеммен келсе, төлеу сөзге айналғанда if немесе wether шылауларының көмегімен жасалады.Мысалы: She says to him “ Have you been in London?” 2.She asks him if he has been in London. 3. The girl asks her mother what time it is.

Егер сұраулы сөйлем көмекші немесе модаль етістіктен басталса, жалпы сұрақ және сөйлем арнайы сұраулы сөзден басталса, арнайы сұрақ болып бөлінеді.

Жалпы сұраққа мысал берейік.

He said: «Do you speak English, Marat?»

He asked Marat if he spoke English.

  • бағыныңқылы сөйлемді басыңқы сөйлемге қосу үшін if жалғаулығы қолданылады;
  • автор сөзінде say/said сөздері мағынасы жағынан сәйкес: tell, ask, want to know, etc .сөздеріне ауысады;

Арнайы сұраққа келсек, мысалы: He said: «Where have you been, Kanat?»

He asked Kanat where he had been.

Арнайы сұрақты төл сөзге ауыстырғанда ережесі жалпы сұрақты ауыстыруға ұқсайды, тек байланыстырғыш жалғаулығы ретінде арнайы сұрақ басталған дәл сол сұраулы сөз қолданылады.

Сол сияқты етістіктің шақ формалары да , қай шақта тұруына байланысты өзгеріп отырады.



Сұрақтар
  1. Сөйлемдегі төл сөзді төлеу сөзге ауыстырыңыз.   Aidana often says to me: «I want to go to Astana».

  2. Төл сөзге айналдырыңыз. My friend said to me that he had found a new job the year before.

  3. Төл сөзді төлеу сөзге ауыстыр. My sister said «I’m leaving tomorrow»

  4. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз. The teacher says to me «Have you finished the exercise?»

  5. Дұрыс  нұсқасын тап. He said he would come back.

  6. Төл сөзді  төлеу сөзге айналдыр. She said «I’m taking my exam tomorrow».

  7. To say етістігін дұрыс қой. Bota said to Didar «I’m going to Almaty».                                                                                     

  8. Дұрыс нұсқасын қой.   Asel said to Ulan «I want to talk to you».

  9. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр. Will he come today or tomorrow?

  10. Бұйрық райлы сөйлемді төлеу сөзге айналдыр.  Teacher «Try to write it better!»

  11. Choose reported speech which is right

  12. Choose right yes/no questions in reported statement

  13. Find the reported speech where the original words are still true or relevant at the time of reporting.

Қате туралы хабарландыру