Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Тәуелдік есімдіктері / Possessives: Ілік септігіндегі формасыжәне абсолюттік форма.

Конспект

Ағылшын тілінде тәуелдік есімдігі бар. Тәуелдік есімдік сөйлемде бастауыш, баяндауыш,толықтауыш, анықтауыштың қызметін атқарады.Ол заттың біреуге тәуелді екендігін білдіреді, сандық, тектік, септік жағынан өзгермейді, сонымен қатар Whose? деген сұраққа жауап береді.

Тәуелдік есімдік: есімдік-сын есім және есімдік- зат есім болып бөлінеді.

Оның негізгі формасы зат есімді анықтайды, абсолюттік формасы зат есімді алмастырады.

Жақ

Негізгі формасы

Абсолюттік форма

 

Жекеше түрде

І

my

менің

mine

менікі

ІІ

your

сенің

yours

Сенікі, сіздікі

ІІІ

His/her/its

оның

His/hers/its

оныкі

 

жақ

Негізгі формасы

Абсолюттік формасы

 

Көпше түрде

І

our

біздің

ours

біздікі

ІІ

your

Сендердің,сіздердің

yours

Сендердікі, сіздердікі

ІІІ

their

олардың

theirs

олардыкі

 

Мысалы: Негізгі формада, тәуелдік есімдік бар жерде міндетті түрде зат есім қолданылады. This is not my shirt, mine is blue. Бұл менің жейдем емес, менікі көк түсті.

Абсолюттік формада тәуелдік есімдік келсе, ол жерде зат есім болмайды.

Мысалы: “ mine is blue” (менікі көк түсті) бұл жерде „менікі„ есімдігі, жейдені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр.

His - тәуелдік есімдігі абсолюттік формада зат есімді де, сын есімді де алмастырады. Its - тәуелдік есімдігі абсолюттік формада әрқашанда own (меншікті білдіреді) сөзімен бірге қолданылады.

 



Сұрақтар
  1. Қай сөз тәуелдік есімдікке жатпайтынын анықтаңыз.

  2. Сөйлемді тәуелдік есімдікпен толықтыр. My pen is broken. Give me …

  3. Сөйлемді тәуелдік есімдікпен толықтыр. Joan doesn't like her friend's dog. She thinks ... is better.

  4. Тәуелдік есімдікті таңда.

  5. Тәуелдік есімдіктің сұрағын көрсетіңіз.

  6. Whose? - сұрағы қай есімдікке қолданылатынын белгілеңіз.

  7. Тәуелдік есімдік дұрыс қолданылған сөйлемді тап.

  8. Тәуелдік есімдікті тап.

  9. My - есімдіктің қандай түріне жататынын белгілеңіз.

  10. Тәуелдік есімдікті таңда.

  11. Тheirs - қай есімдікке жататынын көрсетіңіз.

  12. Тәуелдік есімдікті дұрыс қой. ... book is here.  

  13. Сөйлемдегі есімдікті дұрыс аудар. Ол өзінің итімен ойнайды.

  14. Тәуелдік есімдікті таңда.

  15. Сөйлемді аяқта. I have forgotten my pen. Please give me …

Қате туралы хабарландыру