Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Тәуекел хан (1582-1598)

Конспект

1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасады. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты.

1582 жылы Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты. Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуекел ханның дипломатиялық жұмыстары нәтижелі болды. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қалмақтардың біраз бөлігі Тәуекел ханға бағынышты болған. Тәуекел ханның басты мақсаты Өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасалған “ант беріскен шартты” бұзды. Өзбек хандығына шабуылдап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрамды басып алды. Ташкентке қауіп төндірді. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады. Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден Вельямин Степанов жіберілді. Қазақ-орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының кеңеюіне жағдай жасады. 1598 жылдың қысында Ташкент түбінде қазақтар өзбек әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс хандықтың беделін, күш-қуатын арттыра түсті. Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді. Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды. Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.



Сұрақтар
  1. 1598 жылы жойылған хандық

  2. 1595 жылы Мәскеуден Қазақ хандығына келген елші

  3. Тәуекелге Сібір ханы Көшіммен соғысу талабын қойды

  4. Тәуекел ханның елшісі Құл-Мұхаммедтің орыс патшасына барған жылы

  5. Ұзаққа созылған соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығына қосылды

  6. Тәуекел хан Бұхараны қоршады

  7. Тәуекел хан жасағының Мәуереннахрға кірген жылы

  8. 1583 жылы Тәуекел хан шартты бұзып, қатер төндірді

  9. Тәуекел ханға бағынышты болды

  10. Тәуекел ханның тұсында шығыстан қауіп төндірді

  11. Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның әскерін талқандады

  12. Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды

  13. 1580–1582 жылдары хан тағына отырды

  14. Бұхара ханы Абдаллах Тәуекелге сыйға береді

  15. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты

  16. Қазақтың қай ханы Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізді?

  17. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзып, басып алды

  18. 1598 жылы өзбек сұлтандары қолдаған Тәуекел хан басып алды

Қате туралы хабарландыру