Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Тасымал. Екпін

Конспект

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б.

 

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т.б.

2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.

3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т.б.

4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз70 км, 52 кг, 120 г, т.б.

5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б.

 

Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

 

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

 

Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

 

Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

 

Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар-ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т.б.

 

Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.

 

Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың, т.б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті, т.б.



Сұрақтар
  1. Екпін түспейтін қосымшасы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  2. Екпін түспейтін қосымша түрін көрсетіңіз.

  3. Қай буынға екпін түсетінін табыңыз. Бүлдіршіндерге

  4. Екпін түспейтін жалғауды көрсетіңіз.

  5. Екпін түспейтін жалғауы бар сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  6. Қандай етістіктің жұрнағына екпін түспейтінін табыңыз.

  7. Екпін түспейтін қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.

  8. Құрылысшылар сөзіндегі екпін түсетін буынды көрсетіңіз.

  9. Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Сөйлемдегі ой екпіні түсетін сөзді көрсетіңіз.

  10. Дыбыс екпіні қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  11. Қай сөзге тіркес екпіні түсетінін көрсетіңіз.

  12. Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түсетінін табыңыз.

  13. Тіркес екпіні түсетін күрделі сөзді табыңыз.

  14. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсетіңіз.

  15. Екпіннің анықтамасын табыңыз.

  16. Тасымалданбайтын сөз қатарын көрсетіңіз.

  17. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсетіңіз.

  18. Тасымалданбайтын күрделі сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.

  19. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз.

  20. Төрт рет тасымалданатын бес буынды сөзді көрсетіңіз.

  21. Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  22. Тасымалданбайтын сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  23. Тасымал қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  24. Тасымалдауға болмайтын қатарды көрсетіңіз.

  25. Тасымалдауға болатын сөз қатарын белгілеңіз.

  26. Тасымалдауға болмайтын сөзді көрсетіңіз.

  27. Тасымалдауға келмейтін қатарды табыңыз.

  28. Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.

  29. Екпін түспейді

  30. Тасымалдау тікелей қатысты

Қате туралы хабарландыру