Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сын есімнің шырайлары/ Degrees of Comparison: жасалуы, ерекшеліктері, “ as….as” конструкциясының қолданылуы.

Конспект

Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табын сын есім деп атаймыз.

Ағылшын тілінде сын есім шырайының үш түрі бар:

1. Жай шырай

2. Салыстырмалы шырай

3. Күшейтпелі шырай

Жай шырай қарапайым формадағы сын есімді білдіреді. Жай шырайға қосымша жалғанбайды. Мысалы: long, green, hard etc.

Салыстырмалы шырай заттың сыны мен сапасының артық-кемдігін бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайтын шырай түрі. Жасалу жолы негізгі бір буынды сын есімге –er жұрнағы жалғау арқылы, көп буынды сын есімге more сөзін қолданады. Өзіне тән ерекшелігі -than сөзін пайдаланады.

Мысалы: long – longer. Mike is longer than Tom.

Күшейтпелі шырай заттың сынын не асыра, не төмендетіп көрсетеді. Жасалу жолы бір буынды немесе кейбір қос буынды сын есімдірге – est жұрнағын жалғау арқылы жасалады. Көп буынды сын есімдердің алдына most пайдаланылады. Күшейтпелі шырайлар алдына белгілік артикль “the” қолданылады. Мысалы: beautiful –more beautiful – the most beautiful.

Екі затты салыстырғанда as….as шылауы қолданылады, жай шырай сын есімдері as….as жалғаулықты шылаудың арасында айтылады. Мысалы: This girl is as beautiful as that.

Шырайы ерекше жасалынатын сын есімдер:

good – better – the best

bad – worse- the worst

many – more – the most

little – less – the least



Сұрақтар
  1. Сәйкес келетін салыстырмалы шырайды таңдаңыз. This man is … than I.

  2. Күшейтпелі шырайдағы сын есімді таңдаңыз.  

  3. Сәйкес келетін салыстырмалы шырайды таңдаңыз. Peter is … than this one.

  4. Күшейтпелі шырайдағы сын есімді таңдаңыз. She is … in the world.

  5. Сөйлемге дұрас сын есім шырайын қойыңыз. This film is as … as that one.

  6. Төмендегі сөйлемдегі сын есім шырайын анықтаңыз. The machine is getting old and cannot run … it did.

  7. Good сын есімінің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.

  8. Good сын есімінің күшейтпелі шырайын анықтаңыз.

  9. Bad сын есімінің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.  

  10. Bad сын есімінің күшейтпелі шырайын анықтаңыз.

  11. Use too much/many, very, as superlative adjective

  12. Choose the way of comparing

Қате туралы хабарландыру