Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сұраулы сөйлемдер / Questions

Конспект

Aғылшын тілінде сұраудың бірнеше түрі бар.Солардың бірі жалпы сұрау немесе Уes/Nо сұраулары деп те атайды.

Жалпы сұрау негізінен көмекші немесе модаль етістіктен басталып, болымды немесе болымсыз жауапты талап етеді. Dо? Dld? Have? Has? Is? Are? Was? Were? Can? Could? деп басталады.

Мысалы: Are you from Almaty? Answer : Yes, I am / No, I am not.

Did you meet your friends? Answer: Yes, I dld/No, I dldn”t. Is she at home? Yes, she is. Have you done it? No, I haven’t.

2. Арнайы сұраулар нақтылықты сұрайды. Арнайы сұрауларды

“Wh -guestions’деп те атайды, себебі cұраулардың көпшілігі “wh” басталaды. Жиі қолданылатын сұраулы сөздер: who – кім, whom – кімді,where –қайда, what – не, which –қайсысы, when – қашан, why – неге, whose – кімнің, how long - қашанға, how many - қанша, how much - қанша.

Мысал: Where are you from? Answer : I’m from Astana. How old are you? I’m 50

3. Жалғаулық шылау немесе “question tags”деп аталатын сұрау түрі бар. Бұл сұраудың түрі сөйлемге қолданғанда көмекші етістік және соңы есімдікпен аяқталады және екі бөліктен тұрады.It’s a nice day, isn’t it? He is coming ,isn’t he?

Егер сөйлемнің бірінші бөлімі болымсыз болса, қысқа сұрау болымды, ал екінші бөлімі жай сөйлем болса, қысқа сұрау болымсыз болады.Бөлінетін сұрауда қысқа жауап та болуы мүмкін, кейде толық хабарлы сөйлем болуы да мүмкін. It was difficult, wasn’t it? Yes, it was / Yes , it was difficult. Егер бастауыш – жіктеу есімдігі болса, ол қысқа сөйлемде де қолданылады. Егер бастауыш – зат есім болса, қысқа сөйлемде оған сәйкес жіктеу есімдігі қолданылады. The book is very interesting, isn’t it?They couldn’t do it, could they? Жалпы кестеге кірмейтін ерекшеліктер бар:

- I am кейін aren't I қолданылады.

I am late, aren’t I?

  • егер бастауыш nobody, somebody, everybody, no one берілсе, қысқа сөйлемде they қолданылады.

Everybody is ready, aren't they? - Let’s бар қысқа сөйлемде shall we қолданылады. Let’s do it tomorrow, shall we?

  • бұйрық рай түріндегі сөйлемнің қысқа сұрағында will you қолданылады. Open the window, will you?

4.Баламалы сұрау түрі ( альтернативные) Бұл сұрау түрінде сөз тәртібі жалпы сұрауға ұқсайды.Бірақ мұнда таңдалып жауап береді. Жауап толық беріледі, бірінші жартысында дауысты көтеріңкі ( or - алдында)екінші жартысында төмен түсіру керек. Мысалы: Is your house large or small? My house is small. / It’s small. Would you like tea or coffee? I’d like coffee, please.



Сұрақтар
  1. Арнайы сұраулы сөйлемді тап.

  2. Сұраулы сөйлем қай түрде тұрғанын көрсетіңіз. Do you speak English?

  3. Сөйлемді толықтыр. ... Edinburg the capital of Scotland or Wales?

  4. Сөйлемді толықтыр. ... is your favourite movie?

  5. Сұраулы сөйлем түрін анықтаңыз. You didn’t live here, did you?

  6. Сөйлемді дұрыс аудар.    Сен бірінші курстың студентісің бе әлде екінші курстың студентісің бе?

  7. Арнайы сұраулы сөйлем жаса. He is sleeping.

  8. Жалпы сұрақ қой. Marat is a teacher.

  9. Сөйлемді баламалы сұрауға айналдыр. He lives in Astana.

  10. Жалғаулық сұрау қой. He wasn’t invited.

  11. Identify right questions without auxiliaries

  12. Identify the object question from question forms

  13. Find out the indirect questions

  14. Identify tag questions where you are only inviting the listener to agree with you

  15. Choose the general questions.

  16. Find special questions.  

Қате туралы хабарландыру