Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөз тұлғасы. Туынды сөз, жасалуы. Түбір мен қосымша. Қосымшаның түрлері

Конспект

Сөзжасам сөз және оның формаларын тексереді. Сөз формасына сөздің негізгі және туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған сөздер, әртүрлі қосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына беретін, сөз бен сөзді байланыстыратын түрлері енеді.

Морфология сөзді топтарға бөліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әр сөз табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.

 

Сөз түбір мен қосымша сияқты түрлі бөлшектерден тұрады. Сөздің бастапқы мағына беретін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады. Мысалы, жақсы, ғылым, адам, дәптер, тау, өзен, тіле, көр, тап, парасат, т.б. Түбірге жалғанған бөлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+лық, ғылым+ды, адам+дық, дәптер+ге, тау+лар, өзен+де, тілек+тес, табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен, т.б.

 

Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөз деп аталады.

Қосымшаның екі түрі бар:

1) жұрнақ;

2) жалғау.

 

Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.

Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.

 

Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.

Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни негізгі мәннен ауытқымайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.

 

Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз.

Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.

Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, орын, ыдыс, т.б.

Туынды сөзжұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы, т.б.

Туынды сөз әртүрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

 

Зат есімнен жасалған туынды сөз

Сын есімнен жасалған туынды сөз

Сан есімнен жасалған туынды сөз

Етістіктен жасалған туынды сөз

Үстеуден жасалған туынды сөз

Еліктеу сөзден жасалған туынды сөз

Одағайдан жасалған туынды сөз

Сапалы

Мейірім-ді

Тазалық

Жақсы-

лық

Үштік

Ондық

Тапқыр

Сезгіш

 

Сонша-ма

Осынша-

ма

Тарсыл

Гүрсіл

Ербеңде

Ойбайла

Шөреле

 

Тілімізде бір түбірден әртүрлі жұрнақ жалғану арқылы тараған сөздер де бар. Мысалы, өн, өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.

 

Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.

Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

 

С Ө З Д Е Р

Ж А Л Ғ А У Л А Р

Дауысты дыбыстарға;

үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса

-лар, -лер

Ұяң дыбыстарға;

үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса

-дар, дер

 

Қатаң дыбыстарға;

Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса

-тар, -тер

 

 

Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:

1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.

2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татар, т.б.

3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастық, т.б.

4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйе, т.б.

5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап, т.б.

 

Тәуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.

 

Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.

 

2) Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.

 

ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ

ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ

Менің анам, кітаптарым

Сенің анаң, кітаптарың

Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз

Оның анасы, кітаптары

Біздің ініміз, кітаптарымыз

Сендердің інің, кітаптарың

Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз

Олардың інісі, кітаптары

 

Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.

Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б.

 

Септік жалғау – сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі. Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесі септеу немесе сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

 

Септік деген термин – сеп, жәрдем, көмек, дәнекер деген ұғымды білдіретін сөздер.

 

Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулы қосымшалары болады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сөзге буын және дыбыс үндестігіне байланысты әртүрлі нұсқада жалғанады.

 

СЕПТІКТЕР

 

СҰРАҚТАРЫ

 

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

Кім? Не?

Кімнің? Ненің?

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде? Қайда?

Кімнен? Неден? Қайдан?

Кіммен? Немен?

 

жалғауы жоқ

-ның/нің, -дың/дің, -тың/тің

-ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е

-ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н

-да/де, -та/те,-нда/нде

-нан/нен, -дан/ден, -тан/тен

-мен, -бен, -пен, -менен,

-пенен, бенен

 

Септеудің екі түрі бар:

1) жай септеу;

2) тәуелді септеу.

1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сөзге бірден жалғануы.

Жай септеу үлгісі:

Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл

Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің

Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге

Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді

Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде

Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден

Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен

 

2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сөзге жалғануы.

Тәуелді септеу үлгісі:

Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім

Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің

Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме

Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,

Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде, гүлімде

Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен, гүлімнен

Көмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен

 

Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстыра байланыстырады. Сөздерге жіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде негізінен баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын.

 

Қазақ тілінде есім сөздер де, етістік те жекеше және көпше түрде жіктеледі.

 

ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

Мен азаматпын, отырмын

Сен азаматсың, отырсың

Сіз азаматсыз, отырсыз

Ол азамат, отыр

Біз азаматпыз, отырмыз

Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар

Сіздер азаматсыздар, отырсыздар

Олар азамат, отыр

 

Сөзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жұрнақ сөз тудыратын және оны түрлендіретін бөлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын жалғанады. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің, кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, көл+шік+тер+де, т.б.



Сұрақтар
  1. Тәуелдік жалғаудың 2-жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді анықтаңыз.

  2. Түбір сөздер қатарын анықтаңыз.

  3. Түбір сөзді ажыратыңыз.

  4. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз.

  5. Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.

  6. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.

  7. Түбір сөзді табыңыз.

  8. Түбір сөзді көрсетіңіз.

  9. Негізгі түбір сөзді анықтаңыз.

  10. Есімдіктен болған түбір сөзді табыңыз.

  11. Туынды сөзді ажыратыңыз.

  12. Сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

  13. Сөз түрлендіруші жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

  14. Туынды түбірлерді анықтаңыз.

  15. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.

  16. Бір түбірден түрлі жұрнақ арқылы жасалған сөздер қалай аталатынын анықтаңыз.

  17. Түбір сөздер қатарын белгілеңіз.

  18. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

  19. Көптік жалғау жалғанбайтын сөзі бар қатарды табыңыз.

  20. Тәуелдік жалғаулы сөздің қай септіктегі сөзбен байланысатынын анықтаңыз.

  21. Оңаша тәуелденген сөзді табыңыз.

  22. Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.

  23. Тәуелді септеуде тұрған жалпы есімді толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

  24. Түбірдің анықтамасын көрсетіңіз.

  25. Түбірге жалғанған бөлшек қалай аталатынын белгілеңіз.

  26. Қосымша нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  27. Жалғаудың қызметін көрсетіңіз.

  28. Түбір сөзді көрсетіңіз.

  29. Түбір тұлғадағы сөзді белгілеңіз.

  30. Түбір тұлғадағы сөз қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  31. Тек түбір тұлғадағы сөз қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  32. Туынды сөзді көрсетіңіз.

  33. Туынды сөзді белгілеңіз.

  34. Туынды сөз қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  35. Туынды сөз қатысқан тіркесті белгілеңіз.

  36. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөзді көрсетіңіз.

  37. Туынды сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  38. Туынды сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  39. Сөздің мағыналы түпкі бөлшегі қалай аталатынын көрсетіңіз.

  40. Түбір тұлғада тұрған сөзді белгілеңіз.

  41. Түбірі етістіктен болған сөзді табыңыз.

  42. Сан есімнен жасалған туынды сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  43. Сын есімнен жасалған туынды сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  44. Көп нүктенің орнына қажетті жұрнақты белгілеңіз. Көр...

  45. Етістіктен жасалған туынды сөзді табыңыз.

  46. Зат есімнен жасалған туынды сөзді көрсетіңіз.

  47. Туынды сөзге жатпайтын қатарды табыңыз.

  48. Түбірі зат есімнен болып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз.

  49. Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.

  50. Жалғаулы сөзді табыңыз.

  51. Қосымшасыз сөзді белгілеңіз.

  52. Дара сөзді табыңыз.

  53. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

  54. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

  55. Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.

  56. Ілік септігі жалғауы жасырын келген сөйлемді табыңыз.

  57. Туынды түбірді табыңыз.

  58. Барыс жалғаулы сөзді табыңыз.

  59. «Арманыма» сөзіндегі соңғы қосымшаны табыңыз.

  60. Көптік жалғауы дұрыс жалғанбаған сөз(-дер)

  61. Жіктелетін сөз (-дер)

  62. Туынды сөз (-дер)

  63. Бұйрық райлы жіктеу (-лер)

  64. Көптік жалғау жалғанбайтын қатар (-лар)

Қате туралы хабарландыру