Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері. Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары

Конспект

Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелерін қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

 

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

 

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

 

кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады;

 

● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

 

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

 

Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.

 

Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары

Жиырма оқушы

Тосыннан келген хабар

Кеше хабарласты

Саны он үш

 

Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес

Синтаксистік күрделі тіркес

Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.

Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

 

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.

 

Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.

 

Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.

 

Тұрақты сөз тіркесі

Білдіретін мағынасы

Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?)

Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?)

Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?)

Беті бүлк етпеді (қайтпеді?)

Гүлдей солды (қайтті?)

Дамыл таппады (қайтпеді?)

Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?)

Жаны ашыды (қайтті?)

Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?)

Иманын ұшырды (қайтті?)

Сөз қылды, келеке қылды.

Аса шебер, өте өнерлі

Хат танымайды, сауатсыз (қандай?)

 

Істегенін сездірмеді (не істеді?)

Ұялмады, қысылмады

Сары уайымға салынды

Тыныштық көрмеді, демалмады

Састырды

Аяды, есіркеді, мүсіркеді

Қатты қорықты, үрейі ұшты

Қорқытты, үрейін алды

 

Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы, әкесіне тіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.

 

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.

 

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.

Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

 

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;

2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

 

Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.

 

Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.

 

Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.

 

Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т.б.

 

Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу;

2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

 

Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).

 

Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.

 

Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.

 

Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.

 

Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.

 

Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.

 

1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.

 

Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.

 

Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел – табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл – заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.

 

Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әртүрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.

 

2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.

 

3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?

 

Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы, оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.

 

Синтаксистік қатынастың түрлері

Байланысу түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Анықтауыштық қатынас

Матасу,

қабысу

Кімнің? Ненің?

Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?

Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.

Толықтауыштық қатынас

Меңгеру

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен?

Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.

Пысықтауыштық қатынас

Меңгеру, қабысу,

жанасу

Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?

Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.

 



Сұрақтар
  1. Тіркесті сөздердің қалай жазылатындығын анықтаңыз.

  2. Байланысу тәсілін табыңыз.

    Астанадан келген.

  3. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін табыңыз.

  4. Шылау арқылы байланысқан сөйлемді белгілеңіз.

  5. Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркесті табыңыз.

  6. Байланысу тәсілін анықтаңыз.

    Айдың сәулесі.

  7. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

  8. Интонация арқылы байланысқан сөздерді табыңыз.

  9. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.

  10. Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.

  11. Қабыса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

  12. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз.

  13. Матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

  14. Жанаса байланысқан сөз тіркесін ажыратыңыз.

  15. Меңгеруді көрсетіңіз.

  16. Сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері арқылы байланысу түрін белгілеңіз.

  17. Қосымша арқылы байланысқан тіркесті табыңыз.

  18. Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркесті анықтаңыз.

  19. Еркін сөз тіркесін анықтаңыз.

  20. Басыңқысы зат есімнен, бағыныңқысы сын есімнен болған есімді тіркесті ажыратыңыз.

  21. Басыңқысы етістіктен, бағыныңқысы еліктеу сөзден болған етістікті тіркесті белгілеңіз.

  22. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

  23. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

  24. Есімді сөз тіркесіне тән сипаттаманы белгілеңіз.

  25. Есімді тіркеске жататын мысалды көрсетіңіз.

  26. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.

  27. Есімді сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

  28. Етістікті сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

  29. Етістікті тіркестің құрамын анықтаңыз.

    Орамалын жайды.

  30. Басыңқы сөздің қай сөз табынан болуына байланысты анықталатын сөз тіркесінің түрлерін көрсетіңіз.

  31. Есімді сөз тіркесін табыңыз.

  32. Есімді сөз тіркесін табыңыз.

  33. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.

  34. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.

  35. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

  36. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.

  37. Бағыныңқы сыңарда тұрған тұрақты тіркесті көрсетіңіз.

  38. Етістікті тіркесті табыңыз.

  39. Сөз тіркесінің белгісін көрсетіңіз.

  40. Сөз тіркесін белгілеңіз.

  41. Басыңқы сыңары сын есімнен болған тіркесті табыңыз.

  42. Сөз тіркесі бола алмайтын қатарды табыңыз.

  43. Бағыныңқы сыңары болжалдық сан есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.

  44. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін анықтаңыз.

  45. Сөз тіркесіне қатысы жоқ қатарды белгілеңіз.

  46. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

  47. Интонация арқылы байланысты көрсетіңіз.

  48. Қиыса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

  49. Тілек дайындалды. Байланысу түрін көрсетіңіз.

  50. Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

  51. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

  52. Қабысуды табыңыз.

  53. Жанасуды табыңыз.

  54. Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман. Сөз тіркестерінің байланысу түрін анықтаңыз.

  55. Бастауыш пен баяндауыштық қатынас байланысудың қай түрі екенін көрсетіңіз.

  56. Басыңқы сөзі есімдік болып келген тіркесті табыңыз.

  57. Пысықтауыштық қатынасты табыңыз.

  58. Есімше тұлғалы етістіктен болған тіркесті табыңыз.

  59. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.

  60. Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

  61. Меңгеріле байланысу дегеніміз не, дұрысын көрсетіңіз.

  62. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

  63. Шығыс жалғаулы сөз тіркесін табыңыз.

  64. Басыңқысы зат есімнен, бағыныңқысы сын есімнен болған есімді тіркесті ажыратыңыз.

  65. Сөз тіркесін белгілеңіз.

  66. Сөйлемде қанша есімді сөз тіркесі бар екенін анықтаңыз.

    Мынау хатты Абай Әбішке жазып еді.

  67. Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

  68. Меңгеруді табыңыз.

  69. Қиыса байланысқан тіркесті табыңыз.

  70. Матаса байланысқан сөз тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  71. Матаса байланысқан сөз тіркесі (-тері)

  72. Сөз тіркесі (-тері)

  73. Меңгеріле байланысу формасындағы бағыныңқы тұратын септік (-тер)

  74. Қиыса байланысқан тіркес (-тер)

  75. Талғаулы жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлем (-дер)

  76. Сөздердің байланысу түрлері

  77. Матаса байланысқан сөз тіркестері

  78. Орын тәртібі арқылы байланысқан қабысу (-лар)

  79. Есімді сөз тіркестері

  80. Сөздердің байланысу тәсілдері

  81. Басыңқы сыңардың сөз табына қарай сөз тіркестері қалай топталады?

  82. Синтаксистiк күрделі тіркес (-тер)

Қате туралы хабарландыру