Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі

Конспект

Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді:

1) дара сөз;

2) күрделі сөз.

Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.

Күрделі сөз екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, алқаракөк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.

 

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.

 

Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

 

Біріккен сөз екі түрлі болады:

1) кіріккен сөздер;

2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз – сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы, қол+қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып+бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы+тас = ашудас, жаздың+күні = жаздыгүні, Орнын+басар = Орынбасар, Өмірі+ұзақ = Өмірзақ, солай+етіп = сөйтіп, т.б.

 

Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.

 

Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

 

Біріккен сөздер
Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары Географиялық атаулар (жер, су, планета аттары) Кісі аттары Анатомиялық атаулар Ән, күй, өлең атаулары Ойын атаулары Тұрмыс атаулары Белгісіздік, болымсыздық атауы

Жолбарыс

Көкторғай

Көлбақа

Аққу

Көкемарал

 

Талдықорған

Есекқырған

Ұлытау

Ыстықкөл

Ақбастау

 

Ақбөпе

Иманәлі

Нұрбек

Ақгүл

Айдос

 

Ашішек

Бел омыртқа

Көкбауыр

 

 

 

Саржайлау

Балқадиша

 

 

 

 

Орынтаппақ

Ханталапай

 

 

 

 

Көшбасшы

Еңбекақы

Отбасы

 

 

 

Ешбір

Әркім

Кейбір

Әлдекім



Сұрақтар
  1. Біріккен сөзді көрсетіңіз.

  2. Кіріккен сөзді анықтаңыз.

  3. Түбір тұлғасы сақталып біріккен сөзді табыңыз.

  4. Кіріге біріккен сөзді табыңыз.

  5. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  6. Дара сөздің құрамын көрсетіңіз.

  7. Дара сөзді белгілеңіз.

  8. Дара сөзден құралған сөз тіркесін көрсетіңіз.

  9. Түбір тұлғадағы дара сөзді көрсетіңіз.

  10. Туынды тұлғадағы дара сөзді көрсетіңіз.

  11. Дара сөз қатарын табыңыз.

  12. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз.

  13. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

  14. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

  15. Күрделі сөзді белгілеңіз.

  16. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

  17. Күрделі сөз болмайтын қатарды белгілеңіз.

  18. Біріккен сөздер қалай жасалатынын көрсетіңіз.

  19. Үш түбірдің бірігуінен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.

  20. Біріккен сөз нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  21. Біріккен сөз қалай жасалатынын белгілеңіз.

  22. Түбір тұлғасы сақталып жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.

  23. Кіріккен сөздер қалай жасалатынын белгілеңіз.

  24. Түбір тұлғасы сақталмай жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.

  25. Бірігу арқылы жасалып, емлеге сай жазылған өсімдік атын көрсетіңіз.

  26. Емлеге сай жазылған біріккен сөзді көрсетіңіз.

  27. Кіріккен сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  28. Түбір тұлғасы сақталып жасалған біріккен сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  29. Берілген түбірдің екінші сыңары болатын сөзді және емлеге сай қалай жазылатынын көрсетіңіз. Алты…

  30. Күрделі сөзді табыңыз.

  31. Ойын атауына байланысты біріккен сөзді табыңыз.

  32. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз.

  33. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын табыңыз.

  34. Түбірі өзгеріске ұшырап біріккен сөздер қатарын табыңыз.

  35. Бірыңғай күрделі сөздер қатарын табыңыз.

  36. Біріккен сөздің айтылуы бойынша жазылғанын анықтаңыз.

  37. Қате жазылған біріккен сөз (-дер)

  38. Күрделі сөз (-дер)

  39. Анатомиялық атаудағы біріккен сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру