Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөйлемнің айқындауыш мүшесі. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Жалпылауыш сөз. Тыныс белгісі

Конспект

Сөйлемнің айқындауыш мүшесі сөйлем ішіндегі бір сөзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып, түсіндіріп тұрады. Айқындауыштың екі түрі бар: 1) оңашаланған айқындауыш; 2) қосарлы айқындауыш.

 

Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.

 

Айқындауыш сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады. Мысалы, Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді. Құнанбайдың қасындағыларБайсал, Қаратай, Сүйіндіктер осы сөзге тоқтасты.

 

Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: Мысалы, Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші, Ақлима ана, т.б.

 

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен, қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді: жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер, т.б.

 

Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады. Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Мысалы, бірыңғай бастауыштар: Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, жидек те, қарақат та (не?) өседі.

 

Бірыңғай баяндауыштар: Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан оқушылар ән салады, би билейді және күй шертеді (не істейді?).

Бірыңғай толықтауыштар: Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды (кімді?) пір тұтқан халықтың ұрпағымыз.

Бірыңғай анықтауыштар: Ораз ойыншы, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді (қандай?) адам еді.

Бірыңғай пысықтауыштар: Тоқсанбай қарт немересінің күн иісі сіңген кекілінен емірене, құшырлана (қалай?) иіскеді.

 

Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады.

 

Жалпылауыш сөздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сөздер қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім, кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады, ал жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін орналасса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы, Көшек, Ержан, Земцов – үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр. Қалам, дәптер, қарындаш – бәрі оқушыға қажет құралдар. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Есіл, Іле, Тобыл. Шешенге қажет басты қасиет: сөзге тапқырлық, ойға ұшқырлық, терең білімпаздық.



Сұрақтар
  1. Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді табыңыз.

  2. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.

  3. Қосарлы айқындауышты қатарды көрсетіңіз.

  4. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  5. Айқындауыш қай сөйлем мүшесін түсіндіріп тұрғанын анықтаңыз.

    Оның кіші қызының, Жамалдың, ақындығы елге танымал.

  6. Оңашаланған айқындауыштың өзі айқындайтын сөзден қалай ажыратылатынын анықтаңыз.

  7. Сөйлемдегі оңашаланған айқындауышты табыңыз.

    Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп.

  8. Айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  9. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  10. Бірыңғай мүшелер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  11. Жалпылауыш сөзге қатысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

  12. Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.

  13. Жалпылауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

  14. Бірыңғай анықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  15. Бірыңғай мүше зат есімнен болған сөйлемді табыңыз.

  16. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.

  17. Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірліктің не екенін анықтаңыз.

  18. Жетек сұрақ түрінде келген сұраулы сөйлемді анықтаңыз.

  19. Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді анықтаңыз.

  20. Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  21. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

  22. Оңашаланған айқындауышқа қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

  23. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  24. Қосарлы айқындауыштың ерекшелігін көрсетіңіз.

  25. Айқындауыш қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табыңыз. Оның кіші қызының, Жамалдың, ақындығы елге танымал.

  26. Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.

  27. Бірыңғай тұрлаулы мүшелер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  28. Бірыңғай пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  29. Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  30. Сөйлемдегі бірыңғай мүшенің түрін көрсетіңіз. Өткеннің жақсысы мен жаманы бүгінгімен өлшенеді.

  31. Бірыңғай бастауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  32. Жалпылауыш сөз бола алатын қатарды көрсетіңіз.

  33. Жалпылауыш сөздердің анықтамасын көрсетіңіз.

  34. Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  35. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді анықтаңыз.

  36. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

  37. Бірыңғай анықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  38. Жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  39. Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

  40. Бірыңғай мүшеге байланысты қойылып тұрған тыныс белгілерін табыңыз.

  41. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.

    Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан.

  42. Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.

  43. Оңашаланған айқындауышқа сәйкес келетін сөйлем (-дер)

  44. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлем (-дер)

  45. Бастауыш қызметіндегі жалпылауыш сөйлем (-дер)

Қате туралы хабарландыру