Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Тұрлаусыз мүшелер:толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

Конспект

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болу керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек. Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылықандай?сындық ұғым атауы, желдіңненің?заттық ұғым атауы, әлсізқандай?сындық ұғым атауы, ызыңынесі?заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді?қимылдық ұғым атауы.

 

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

 

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

 

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаевкүрделі бастауыш, екі реткүрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медаліменкүрделі толықтауыш, марапатталған еді күрделі баяндауыш.

 

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

 

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

 

Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы, Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).

Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

 

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара бастауыш

 

Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.

 

Күрделі бастауыш

 

Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.

 

Үйірлі бастауыш

Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.

Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

 

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Зат есім

Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.

Сын есім

Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.

Сан есім

Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

Есімдік

Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.

Есімше тұлғалы етістік

Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.

Тұйық етістік

Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.

Одағай

Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.

Үстеу

Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.

Еліктеу сөз

Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.

 

Баяндауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.

 

Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

 

Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.

 

Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.

 

Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.

 

Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.

 

Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.

 

Күрделі

Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.

 

Үйірлі

Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.

 

 

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.

 

Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.

 

Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.

 

Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.

 

Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.

 

Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеу сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

 

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.

 

1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.

3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.

4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек етубасты парыз. Әр баланың міндеті ата-анасын құрметтеу.

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес – түйені де көрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырмабеске бөлінеді.

 

Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.

 

Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.

 

Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.

 

Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.

 

Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделі толықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш.

 

Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы, Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.

 

Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады. Күрделі толықтауыш төмендегідей жолдар арқылы жасалады:

 

1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды. Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді. Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді.

2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.

3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.

 

Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы, Көкірегі ашық, білімі тереңге (кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.

 

Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш.

 

Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектіні білдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.

 

Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сөйлесуді тапсырды.

 

Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы, күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, сегізінші сынып, т.б.

 

Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш.

 

Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы, Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.

 

Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, Ұлпан Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.

 

Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.

 

Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі

Анықтауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайда кәрі үйеңкі, торы тобылғы өседі.

Зат есімдер

Тоғайдың күміс қабықты қайыңы мен мыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.

Сан есімдер

Қазақстан жерінде тарихта қалған жеті керемет бар.

Есімдіктер

Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.

Есімшелер

Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.

 

Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін?

 

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

 

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш;

2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.

 

Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

 

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

 

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қораға шошқа үреді.

 

 

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.

 

Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?

Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда?

Қай жерде? Қай

жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін?

Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен?

Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

 



Сұрақтар
  1. Бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігін анықтаңыз.

  2. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

  3. Үстеу – сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыз.

    Ала жаздай үй салумен болды.

  4. Бірыңғай толықтауыш қызметіндегі сан есімді анықтаңыз.

  5. Толықтауыш қызметіндегі болымсыздық есімдігін табыңыз.

  6. Қатыстық сын есімнен болған баяндауышты анықтаңыз.

  7. Зат есіммен тіркесіп, күрделі бастауыш болып тұрған көмекші есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  8. Зат есімнен болған мекен пысықтауышты анықтаңыз.

  9. Пысықтауыш қызметіндегі көмекші есімі бар сөйлемді табыңыз.

  10. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

    Төбең де қап-қара, аяқ астың да қап-қара.

  11. Бастауыш қызметінде тұрған сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  12. Бастауыштың сұрақтарын анықтаңыз.

  13. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

  14. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

  15. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.

  16. Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

    Кейбіреулері сәл тоқтады.

  17. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені көрсетіңіз.

  18. Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.

  19. Баяндауыш қай сөз табынан екендігін белгілеңіз.

    Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

  20. Күрделі етістіктен жасалған баяндауышты табыңыз.

  21. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.

    Жамбылдың түнгі серігі – тәтті қиялы.

  22. Сын есім қай сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратынын белгілеңіз.

  23. Есім сөзден болған баяндауышты табыңыз.

  24. Үйірлі баяндауышты табыңыз.

  25. Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын табыңыз.

    Үш жердегі үш – тоғыз.

  26. Баяндауыштың жасалу жолын анықтаңыз.

    Менің іздегенім – сенсің.

  27. Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

  28. Күрделі анықтауышы бар сөйлемді табыңыз.

  29. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.

    Жемісті жұмыс жаныңды жадыратады.

  30. Анықтауыштың қай сөз табынан жасағандығын анықтаңыз.

    Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.

  31. Тура толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

  32. Күрделі толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  33. Жанама толықтауыш қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  34. Жанама толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

  35. Толықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.

    Сенімді айтылған байлау үй ішіне мақұл көрінеді.

  36. Сілтеу есімдігінен болған жанама толықтауышты табыңыз.

  37. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

  38. Мақсат пысықтауыш жасайтын қатарды табыңыз.

  39. Пысықтауыштың қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

    Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.

  40. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

  41. Мөлшер пысықтауышты анықтаңыз.

  42. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

  43. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін бастауыштан кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

  44. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

  45. Күрделі анықтауышты табыңыз.

  46. Анықтауыштың белгісін көрсетіңіз.

  47. Анықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  48. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіз.

  49. Есімшеден жасалған бастауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  50. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

  51. Бастауышы қатыстық сын есімнен болған сөйлемді көрсетіңіз.

  52. Анықтауышты тіркесті табыңыз.

  53. Баяндауышы зат есімнен болған сөйлемді көрсетіңіз.

  54. Баяндауышы болжалдық сан есімнен болған сөйлемді көрсетіңіз.

  55. Күрделі бастауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  56. Баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болған сөйлемді табыңыз.

  57. Баяндауышы есімдіктің жіктелген түрінен болған сөйлемді көрсетіңіз.

  58. Баяндауышы күрделі сан есімнен болған сөйлемді белгілеңіз.

  59. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

  60. Бірыңғай мезгіл пысықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  61. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

  62. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

  63. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  64. Күрделі анықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  65. Жанама толықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  66. Анықтауышы сілтеу есімдігінен болған сөйлемді көрсетіңіз.

  67. Бастауыш қызметіндегі сөздің жасалу жолын көрсетіңіз.

    Жиналғандар екі топқа бөлінді.

  68. Анықтауышы мен бастауышы сан есімен болған сөйлемді табыңыз.

  69. Тұрлаулы мүшелер арасына қойылатын тыныс белгісі бар қатарды көрсетіңіз.

  70. Бастауыш қандай сөз табынан, белгілеңіз.

    Әрқайсысы өз орындарына жайғасты.

  71. Баяндауыш қызметіндегі бұрынғы өткен шақты белгілеңіз.

  72. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

  73. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.

  74. Баяндауышы есімшеден болған сөйлемді белгілеңіз.

  75. Бастауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

  76. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

  77. Бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан болғанын табыңыз.

     Қайың – күй талғамайтын ағаш.

  78. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған күрделі еліктеу сөзді табыңыз.

  79. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

  80. Үйірлі баяндауышы бар сөйлем (-дер)

     

  81. Басқа сөз табынан заттанып, толықтауыш қызметіндегі мүшесі бар сөйлем (-дер)

  82. Бірыңғай анықтауышы бар сөйлем (-дер)

  83. Баяндауыш қызметiндегi сан есiм (-дер)

  84. Күрделі баяндауыш қатысып тұрған сөйлем (-дер)

Қате туралы хабарландыру